МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

"Мектепке жол" акциясы аудандық ауруханада ұйымдастырылды.

       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында 6 жасқа толған әрбір бала мектеп қабырғасында білім алуға міндетті деп көрсетілген. Осыған орай, 2010 жылдың 1 тамызынан бастау алған «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан емес, қайта жылдан жылға акцияны ұйымдастырушылардың саны көбеюде. Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуына материалдық көмек көрсету және  балалардың білімсіз қалуының алдын алу болып табылады.

      2015 жылдың 17 тамызында Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы әкімшілігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік маңызы бар «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға аудандық аурухананың аз қамтылған отбасылары мен жалғыз басты аналары қатысты. Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры А. Ширшикбаев акцияға қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, балаларының оқуда озат болуын тіледі. Сонымен қатар, әр балаға 10000 (он мың) теңге қаражаттан үлестіре отырып жыл сайын акция өзінің жалғасын табатынын,  мүмкіншілікке қарай аясын кеңейтетінін атап өтті. Жалпы шарас кезінде 17 отбасының 27 баласына қаржылай көмек көрсетілді. Акцияға қатысуышылардың атынан аудандық аурухананың қызметкері, хирург кабинетінің медбикесі Дарментаева Жұлдыз өз алғысын жеткізе отырып акция кезінде тек, материалдық қана емес рухани жағынан да қолдау тапқандарын жасыра алмады.

Әр кезде жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!



Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения