МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

2023жылға арналған "Онкология аурулары" туралы ақпарат

Онкологиялық ауруларды алдын-алу үшін не істеу керек?

Рак (обыр) – түрлі ағзаларда  қатерлі ісіктердің пайда  болуымен  байланысты туындайтын аурулардың  тұтас спектрінің  жалпыатауы. Соның ішінде ауру түрлерімен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қайсатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілумен үнемі  медициналық  қаралудан  өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай.

Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған  орта»анықтамасы өзінің кеңмағынасын далелдеп зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдениет-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына  жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 %-нн, темекі тартатындардың 30%-нен, жұқпалы (вирустық) агенттердің– 17%-нен, алкогольдің– 4%-нен, қоршаған ортаның ластануының– 2%-нен, ауыр тұқым қуалау салдарының– 2%-нен тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алунегіздерін, жалқаулықпен қолтимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.

Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар.

Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда, алдын-алу оңай!

Қатерлі жаңа  өскіндердің даму тәуекеліне дәуір төмендету үшін«салауатты өмірсалты»деп аталатын ұғымға енетін қарапайым бірнеше ережені ұстана біліңіз.

Темекі тартпаңыз, егер тартып жүрген болсаңыз – тоқтатыңыз. Егер Сіз темекіні тастай алмай жүрсеңіз, онда тартпайтындар арасында темекі тартпаңыз. Пассивті темекі тарту активті темекі тарту сияқты зиянды.

Рак ауруының салдарынан болатын өлімжағдайларының 25-30%-ы  темекімен

 мен  байланысты деп саналады. Текқана темекі тарту және оған алкогольдің қосылуы салдарынан болатын ұлтабар, жұтқыншақ және ауыз қуысы обырының үлесі 43%-60%аралығында өзгеріп отырады. Қуықтың, асқазанасты безі және бүйрек, асқазан, жатыр мойны, мұрынқуысымен миелоидты лейкоз обыры жағдайларының көпшілігі темекі тартумен байланысты болып келеді. Өлім жағдайларының жартысы орташа жаста кездеседі, оған қоса темек ітартатындар тартпайтындарға қарағанда өздеріне берілген ғұмырдың 20-25 жылын текке жоғалтады.

Қазіргі таңда обыр немесе басқа аурулардың басталуына дейін темек ітартуды тоқтату темекі салдарынан болатын өлім жағдайларынан, орта жастан бастап, тіпті егделеу жастада қашуға мүмкіндік беретіндігі жайлы нақты дәлелдемелер бар.

Зиянды тамақтарды алып тастаңыз.Канцерогендер (қатерлі жаңа өскіндердің дамуына себеп болатын химиялық заттар) көптеген азық-түліктерд кездеседі, әсіресе, майға қуырылған тағамдарда, консервіленген және маринадталған тағамдарда, ұзақ сақталынған азық-түліктерде, ысталған тағамдарда.

Майлы тағамдарды, әсіресе, малдың майын тұтынуды азайтыңыз, қатты тоята мақтанбаңыз–күнделікті тамақтану рационы 2500 калориядан аспауы тиіс. Үнемі жүктемесіз және ақуызсыз тамақтану күндерінің жүйесімен диета сақтауды ұстаныңыз. Алкоголь тұтынуды қойыңыз. .

Қажетті азық-түліктер.Сізге күнсайын жасұнықтардан (клетчатка) тұратын жемістер, көкөністер, шырындар және басқада өсімдік құрамдас тағамдардың 5 бөлшегін (порциясын) жеп отыру қажет. Жасыл, сары және қызғылтсары көкөністермен жемістерді, цитрусты жемістерді, жидектерді, құрғатылған жемістерді, теңізазық-түліктерін, пиязбен сарымсақты тұтыну ерекше пайдалы. Қызыл көкөністердің ішінде еңтамаша таңдау–қызанаққа тиесілі. Өзіңіздің күнделікті рационыңызға іріұнтақты ұннан жабылған нанды (бидайдан және қарабидайдан) және ботқаны қосқаныңыз абзал. Майлы балықта қатерлі жаңа өскіндердің дамуына кедергі жасайтын пайдалы заттар көп-ақ. Жаңғақтарда өте пайдалы.

Иммунитетті нығайтыңыз. Белсенді болыңыз, күн сайын дене шынықтырумен шұғылдануға тырысыңыз.

Дене белсенділігінің қорғану тиімділігі рак ауруының даму тәуекеліне қатысты белсенділік деңгейінің артуына  байланысты күшейе түседі. Дегенмен жүрек ауруы бар адамдар сақтана білуі тиіс. Дененің қалыпты салмағын ұстау, әсіресе, үнемі отырып жұмыс істейтін адамдар үшін дене белсенділігі қажет. Дене жаттығуларын аптасына 3 реттен кем емес 30-40 минут бойы жасау керек. Егер сіз суық тиіп жиі ауыратын болсаңыз, иммунолог дәрігер маманына қаралыңыз.

Вирустарға тексеріліңіз.Барлық онкологиялық аурулардың 10%-ын вирустар шақыруы мүмкін. Жұқтырып алумен рактың дамуы арасында көптеген жылдар өтуі мүмкін, бірақ сіз қоздырғыш вирустың тасымалдаушысы болсаңыз, өзденсаулық күйіңізді үнем бақылауда ұстап, ауруға бірде-бір мүмкіндік бермеу үшін ол жайында білуіңіз қажет.

Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.

Тері аурулары рагының басты себебі күнсәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.

Өзіңізге көңіл бөліңіз. Егер Сіздің бойыңыздағы мең немесе қалыңыз киініп-шешінгеннен немесе мойныңыздағы алқаңыздың жанасуынан көлемі немесе түсі өзгеретін болса, жедел түрде дәрігерге хабарласыңыз. Ондай меңдерді өзуақытында алып тастау арқылы тері рагының тәуекеліне жолбермеуге болады. Өзіңізді бақылау барысында мазаңызды алыптұрған факторларға назар аударыңыз.

Обыр дамуының алдын алатын және осы аурудан жазылып шығу сенімділігін арттыратын денсаулық сақтау бағдарламалары  бар.Скрининг бағдарламаларына қатысыңыз!  Скрининг – симптомдары байқалғанға дейін ауруды анықтау мен емдеу. Адамда арасында әлі симптомдары жоқ ауруларды анықтаумен емдеу рактан келетін өлім санын азайтуға мүмкіндік береді.

Әйелдер!Етеккір аяқталысымен өзіңіздің сүтбездеріңізді жанжағынан ортасына қарай сипалау арқылы тексеріп көріңіз. Егер Сізді оның сыртқы түрімен тері түсіндегі және бездің формасындағы өзгерістер мазаласа, немесе Сіз сипалаған кезде тығыздық байқалса, онда міндетті түрде онкологқа   қаралыңыз!

40 жастан асқан әйелдер !Сүт бездеріндегі өзгерістермен осы ағзадағы ракты ертерек анықтау үшін маммографиялық тексеруден өтіп тұрыңыз. Егер Сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста болсаңыз, онда сүт бездері рагының скринингіне қатысыңыз–ол үшін сүтбездеріндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ертерек анықтау мақсатында маммографиялық тексеруден өтуіңіз қажет.

25 жастан асқан әйелдер!Жатыр мойныны шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтаумен осы ағзаның обырынан сақтандыру мақсатында шырышты қабаттан алынған жақпаларды  тапсырыңыз. Егер Сіз 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста болсаңыз,жатыр мойнының скринингіне қатысыңыз– жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтаумен шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсыру–осы ағзаның рагынан сақтану үшін қажет.

50 жастан асқан ерлер мен әйелдер, сіздер–колоректальді обыр скринингіне қатысыңыз, бұл үшін Сізге  тоқішек (бүйен) мен тікішек обырынан сақтаумақсатында нәжіс және қантапсыру қажет.

Ерлер  !Егер Сіздің жасыңыз 55 жастан асса және қуықасты безіндегі өзгерістермен осы ағзаның рагын ерте сатысында анықтау үшінПАА-ға үнемі қан анализін жасатқаныңыз жөн.


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения