Найзағай – жоғары жиілікті, күші бірнеше мыңдаған ампер, ал қысымы бірнеше миллион вольт токтың ерекше түрі.
- Біріншілік зақымдану – найзағайдың адамға тура соққысы. Үнемі летальды нәтиже береді.
- Екіншілік зақымдану- атмосфералық заттармен дистантты контакт кезінде найзағайдың физикалық факторлармен зақымдалуы.
Электр тогы немесе найзағайдың соғуы, Тұрмыстық электр приборларын олақ пайдалану немесе аңдаусыз ұстағанда адамды ток зақымдауы мүмкін. Электр тогының соғуынан алған зақымдану жеңіл болған жағдайда сым тиген жер қызарып ауырады (күйеді), зақымданған адамның өңі қуарып, бойын үрей билейді. Ауыр зақымданған жағдайда күйік ұлғайып, ток ұрған жердегі дененің тіні қарайғаны байқалады, адам толықсып, сіңірі тартылады, тыныс алуы мен жүрек соғуы тоқтап қалуы мүмкін. Зақымданудың ауырлығы, негізінен, токтың күшіне және оның ұру ұзақтығына байланысты. Токтың кедергісі тез өтуі (бұған себеп: қолдың су болуы, аяқ киімнің дымқыл, жердің сыз болуы) электр тогы зақымын күшейте түседі, мұндай жағдайда тіпті кернеуі 36 В «қауіпсіз» ауыспалы токтың соғуынан-ақ өліп кетуге болады.
Адам үшін қауіпті ток күші 0,1 А және одан көп, ал кернеуі 40 В және одан жоғары. Найзағай тогының күші мыңдаған амперді, ал кернеуі ондаған миллион вольтты, температура – 25000 С градусты құрайды.
Электр қуаты техникалық және атмосферлік (найзағай соғу) болып бөлінеді.
Найзағайдың негізгі зақымдау нұсқалары:
- Электр тогының жоғары кернеуі;
- Соққы толқыны;
-Қуатты жарық импульсі;
- Қуатты дыбыс импульсі.
Найзағай және электр тоғы соққандағы алғашқы көмек
Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы соққанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) . Жүрегі, тынысы тоқтамаған болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде- борлы вазелин жағып немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды. Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек- дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру). Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу, егер ІІ-ІV дәрежедегі зақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30—40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет. Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. Адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген организм тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.