Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында 6 жасқа толған әрбір бала мектеп қабырғасында білім алуға міндетті деп көрсетілген. Осыған орай, 2010 жылдың 1 тамызынан бастау алған «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан емес, қайта жылдан жылға акцияны ұйымдастырушылардың саны көбеюде. Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуына материалдық көмек көрсету және балалардың білімсіз қалуының алдын алу болып табылады.
2015 жылдың 17 тамызында Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы әкімшілігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік маңызы бар «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға аудандық аурухананың аз қамтылған отбасылары мен жалғыз басты аналары қатысты. Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры А. Ширшикбаев акцияға қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, балаларының оқуда озат болуын тіледі. Сонымен қатар, әр балаға 10000 (он мың) теңге қаражаттан үлестіре отырып жыл сайын акция өзінің жалғасын табатынын, мүмкіншілікке қарай аясын кеңейтетінін атап өтті. Жалпы шарас кезінде 17 отбасының 27 баласына қаржылай көмек көрсетілді. Акцияға қатысуышылардың атынан аудандық аурухананың қызметкері, хирург кабинетінің медбикесі Дарментаева Жұлдыз өз алғысын жеткізе отырып акция кезінде тек, материалдық қана емес рухани жағынан да қолдау тапқандарын жасыра алмады.
Әр кезде жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!