Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті -көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабетинсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
· 1 Қант диабетінің негізгі симптомдары
· 2 Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары
· 3 Диабетпен ауыратындардың диетасы
Қант диабетінің негізгі симптомдары
· үнемі сусап тұру (полидипсия)
· кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия)
· үнемі шаршаулы сезіну (полифагия)
· қол-аяқтың үйып, жансыздануы
· үнемі қарын аштығынан арылмау
· салмақ азаюы
Қантдиабетінің екінші деңгейлісимптомдары
· терінің қышуы
· көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)
· жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы
· аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.
· естен тану (қысылтаяң жағдайларда)
Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән.
40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.