Әйелдердің ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ АУРУЛАРЫ, сыртқы, ішкі жыныс мүшелерінің зақымдануы, қабынуы, ісінуі, қатерлі не қатерсіз ісікке шалдығуы салдарынан болады. Әйел Жыныс мүшесінің ауруның ішіндегі ең жиі кездесетіні – жыныс мүшелерінің қабынуы (60 – 65%). Бұл ауру әйелдің жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді, бедеуліктің негізгі себептерінің бірі болып есептеледі. Ауруды қоздырушының сипатына қарай қабыну аурулары: өзіне тән емес (спецификалық емес) және өзіне тән (спецификалық) деп бөлінеді. Өзіне тән емес түрінің қоздырғыштарына: ішек таяқшалары, стрептококктар; ал екінші түріне: гонококктар, туберкулез микробактериялары, трихомонадтар, хламидиялар, кандидалар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар, вирустар, т.б. жатады. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларына: вульвит (әйел жыныс мүшесінің сырт жағының қабынуы), бартолинит, кольпит (қынаптың қабынуы), жатыр мойнының эрозиясы, аднексит (жатыр қосалқы бөлігінің қабынуы), параметрит (жатыр үлпершігінің қабынуы), периметрит (іш пердесінің жатырлық бөлігінің қабынуы), перитонит (іш пердесінің қабынуы), эндометрит (жатырдың шырышты қабығының қабынуы) жатады. Әйелдер түрлі ісік ауруларына 40 жастан асқанда шалдығуы мүмкін. Аналық бездерінің ісіктері қатерсіз және қатерлі ісік болып ажыратылады. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетін түрлері: фолликулярлық киста, эпителиалдық киста, сары дененің кистасы, т.б. Ал қатерлі ісіктің ішінде ең жиі кездесетіні – саркома (қ. Қатерлі ісік). Ер адамдардың жыныс мүшелерінің қабынуы: орхит (ен қабынуы), эпидидимит (ен қосалқысының қабынуы), фуникулит (шәуҺет бауының қабынуы), простатит, уретрит, крипторхизм (ұмада аталық бездің болмауы), , т.б. жатады. Сондай-ақ, ер адамдар да қатерсіз ісік – гиперплазия (простата аденомасы), кондилома, полип, қатерлі ісік –семинома (аталық безде), простата қатерлі ісігі, т.б. ауруларына жиі шалдығады. Бұл ауруларға адамның жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, түрлі жұқпалы аурулар (тұмау, сүзек, сарып, т.б.) шалдықтырады. Жыныс мүшесінің ауруына (соз, мерез, т.б.) жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Осы аурулардың салдары – әйелдер мен ерлерді бедеулікке алып келеді. Жыныс мүшесіне ауруының түрлеріне қарай антибиотиктермен, рентген, радий сәулелерімен емдейді, ал ісік түрлеріне қарай хирургиялық операциялар жасалады. ]
Жасанды түсік
Жүктілікгің үзілу дәрежесіне қарай ерте түсіктер бірнеше сатыларға бөлінеді: түсік қаупі, басталған түсік, жүрістегі түсік, жартылай түсік, толық түсік (11-кесте).
1. Түсік қаупінің клиникалық белгілері - әйелдің белі және іштің төменгі жағы шамалы ауырады, жатыр мойны жабық болып, жыныс мүшелерінен қан ақпайды, себебі жатырдағы ұрық жатырдың шырышты қабығынан белінбейді.
Жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келеді, жатырдың қозғыштығы жоғары болады.
2. Басталған түсікте - әйелдің іші толғақ сияқты қатты ауырып, жыныс мүшелерінен аздап қан ағады. Жатырдағы ұрық бірте-бірте жартылай шырыш қабығынан бөлініп, жатыр мойнының ашылуы мүмкін. Жатырдың көлемі жүктілік мерзімімен сәйкес келеді. Бұл екі жағдайда да жүктілікті сақтауға болады
3. Жүрістегі түсік - әйелдің іші толғақ тәрізді қатты ауырып, жатыр мойны ашылып қан көп кетеді, себебі ұрық бөліктері мойын қуысында қадады.
4. Жартылай түсікте - әйелдің іші толғақ тәрізді қатты ауырып, жатыр мойны ашылып, қан кетеді. Жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келмейді, себебі жатыр қуысында ұрық қалдықтары жартылай қалады.
5. Толық түсікте - ұрық тұтас жатырдың қуысынан түсіп, жатыр көк еттері жиырылып, оның мойны жабылып, қан кету тоқталады. Кейбір жағдайларда ұрық жатыр қуысында өспей шетінеуі мүмкін, бұны жүктіліктің өспей үзілуі дейді (жатырдың мөлшері жүктілік мерзіміне сәйкес келмейді). УДЗ арқылы анықтайды. Көбіне түсіктерден
кейін, жатыр қуысына немесе басқа жыныс мүшелеріне инфекция еніп, әйелдің дене ыстығы көтеріліп, қаны улануы мүмкін.
Емдеу жолдары. Жүктіліктің түсік қаупінде, басталған түсікте әйелді бірден емханаға жатқызып емдейді. Емі: төсекте жату ережесін сақтау; жүйке жүйесінің қозуын басатын (триоксазин, валериана, седуксен), витаминдерді ( Е, В), гормондық дәрі-дәрмектерді (гестаген, эстроген, кортикостероид, т.б.), қан тамырларының түйілуіне қарсы (но-шпа, магний сульфаты, баралгин), алжатырдағы нәрестенің қысылуы мен тұншығуында - Николаев үштігін, АТФ, кокарбоксилазаны, реополиглюкинді кеңінен қолданады;
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.