МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

Суға бату


Суға бату кезінде көрсетілетін шұғыл медициналық көмек




Жаз айлары — суда жүзіп дем алатын адамдар үшін өте қауіпті уақыт. Суда болатын оқиғалардың басты себебі - адамдардың өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоқтығы. Яғни: 

1.Мас күйінде суға түсу; 

2.Қайықпен жүзу кезінде арнайы құтқару жабдықтардың болмауы; 

3.Балалардың су маңында ересектердің қарауынсыз, жалғыз қалуы; 

4.Жүзуді білмейтіндігі және жүзу кезінде өз күшін дұрыс есептемеуі; 

5.Шомылуға арналмаған жерде суға түсу. 



Алғашқы көмек көрсету: Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге жеткізгенше көрсету, жағдайын толық білу қажет, есі болса, үстін құрғатып сүртіп, жылы жерге әкеліп, ыстық шай, кофе немесе шарап беру керек. 

  Ал егер, зардап шеккен адам көп уақыт бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол тұншығып (асфиксия) немесе клиникалық өлім жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру керек.

Дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетуді бастау керек; зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауыз-мұрнын лай-құмнан тазартып, таза орамалдан істелген білекше немесе кесек ағаш салу керек; тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек.


^ Суға тұншыққан адамды жағаға алып шығу


Зардап шеккенді катерге, құтқару қайығына салып жағаға жеткізгенше, жасанды дем беруді жалғастыру керек, ол үшін ауа шығарғыш немесе арнаулы демалғыш және Рубенс қабын қолдану керек. Ұйқы тамыры соқпаса тез арада жүрек сылауына кірісу керек. Жұтқан суды толығымен өкпеден шығарамын деген ой қате, ол орындалмайтын іс.

Зардап шеккенді етбетінен жатқызып, аяқтарын иіп, кеудені қырынан қысып (10-15 секунд ішінде) осыдан кейін зардап шеккенді арқасына аударады.

Егер тістерін аша алмаса, ауызын қолмен ашып, арнаулы «Ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды дем береді. 

Адамның аузын саусаққа мата орап алып тазалайды. Ашу қиындаса, төмендегі жақты басу керек. Тыныс жолдарын судан тазалау үшін арнаулы сорғыш қолданылады. Өкпе ісігін күшейтпеу үшін көбігін шығарғанша тазаламау керек.

Зардап шеккенді құтқару орталығына жеткізгенше бүкіл шараларды жалғастыра беру керек. Жасанды дем беруді тоқтату қателік. Зардап шеккеннің уақытша дем алуы, оның толық қалпына келуі емес, сондықтан ессіз болса да, өкпенің ісігі болса да, жасанды дем беруді жалғастыру керек. Жасанды дем беру желісін, демалуы 1 минутта 40 рет соғып, денесі көгере бастаса да жасау керек. 

Көмекті тезірек, үзбей, уақытымен көрсетуді әр уақытта есте ұстау қажет.

«Ауыздан ауызға»  жасанды дем беру техникасы. Зардап шеккеннің қаптал жағынан тұру керек;

1. 
Бір қолды зардап шеккеннің маңдайына, екінші колды иегіне қойып, басын шалқайтып, төменгі жақты жоғарғы жаққа көтеріп, қысу керек. 

2. 
Саусақтармен иегін ұстап, төменгі ерінді қысып зардап шеккеннің ауызын жабу керек; 

3. 
Ауаны терең алып зардап шеккеннің мұрнын ауызбен жауып «ауа шықпайтын күмбез» жасау қажет; 

4. 
Зардап шеккеннің мұрнына қатты дем жіберу керек. 



Ауызға немесе мұрынға орамал, мата арқылы дем беру, ауа өтуін қиындатады. Жасанды дем берудің «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» жасалатын қарапайым шарты — зардап шеккенге ең ыңғайлы әдіс. 

Құтқарушыда арнаулы жабдықтар болса, зардап шеккенді арқасына жатқызып, жауырын арасына білік қойып, басын шалқайтады. Ауа шығарғыш (арнаулы) бір шетімен зардап шеккеннің ауызына кіргізіледі. Ауа шығарғышты тіс арасынан жоғарғы иілген жағымен төмен, содан кейін ойысқан жағын төмен айналдыру керек.

Ауа шығарғыш дұрыс орналастырса, тіл ауыздың түбіне қыстырылуы керек, тілдің тыныс жолын жауып тастамауы керек. Зардап шеккеннің мұрынын екі жағынан саусақпен қысу керек. Терең демалып, ауа шығарғыштың шетін ауызға алып, зардап шеккенге дем беру керек, көмек беруші ауызын ауа сорғыштың шетін босатуы қажет. 

Қорыта айтатын болсақ, суда түскенде алдымен қауіпсіздік техникасын біліп, оны тиісті қолдана білу шарт.


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения