Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем бригадасы "03" телефоны бойынша немесе "01", "02", "051" қызметтерімен шақыртылады. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының (бөлімшесінің) бригадасы шұғыл медициналық жәрдем көрсету үшін бағытталады:
1) бақытсыздық жағдайларға ұшырағанда;
2) өмірге қауіп төндіретін ауруларда.
3. Мамандандырылған медициналық ұйымдарға тасымалдау және басқа да жәрдем көрсетеді:
1) жүктілік барысындағы асқынуларда және арнайы мекемелерге тасымалдағанда жәрдем көрсетеді;
2) 1 жасқа дейінгі балаларға;
3) созылмалы аурулардың асқынуына байланысты, денсаулық күрт төмендегенде;
4) тасымалдаушы көліктің бағытында жәрдем көрсету үшін емдеп жүрген дәрігерінің шақыртуымен науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялау, денсаулық жағдайына байланысты санитарлық көлік қажет болғанда. Машинаны шақыртқан емдеуші дәрігер өзінің аты-жөнін және жұмыс орнын атауы тиіс.
4. Жедел жәрдем мына жағдайларда шақыртуды қабылдамайды және бармайды.
1) емханалар мен отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың жұмыс уақытында шақыртылған, шұғыл жәрдем талап етпейтін, үйдегі науқастарға;
2) өлім туралы акті жазуға және куәландыруға;
3) емдеуші дәрігерлердің тағайындауы бойынша және жоспарлы ем жүргізуге;
4) медициналық ұйымдарға консультативтік кеңес береді;
5) ауруларды стационардан үйіне жеткізу.
Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем бригадасымен жәрдем көрсетудің қаншалықты қажеттілігін аға дәрігер шешеді, шақырту қабылданбаған жағдайда дәрігер аты-жөнін атап қайда хабарласуы керектігі туралы кеңес береді.
5. Науқастың туыс-таныстарынан тек бір адам ғана дәрігердің рұқсаты бойынша ілесуіне болады. 6. Зардап шеккендерді және науқастарды госпитализациялау туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін станцияның анықтама бөлімінен алуға болады.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.