Маусым айының 8-ші жұлдызында Мұнайлы аудандық орталық емханасында, маусы айының 9-шы жұлдызында Қызылтөбе елді мекеніндегі емханасында «Сенің өмірің. Сенің ортаң. Есірткіге жол жоқ!» атты тақырыбында «Ашық есік» ұйымдастырылып өткізілді. Мұнайлы ауданындағы нарколог дәрігері Бужанов А.М халыққа есірткінің зияны жөнінде түсіндірді. ЖДБ қызметкерлері видео роликтер көрсетіп, бетшелер таратты.
10.06.2015ж. БМСККО Маңғыстау-5 емханасында «Сенің өмірің. Сенің ортаң. Есірткіге жол жоқ!» атты тақырыбында семинар –тренинг өткізді. Өткізген жалпы тәжрибелі дәрігер Базарбаев Д.Ж. 17.06.2015ж. Тұрғындарға темекі шегудің алдын алу, оның ағзаға зияны туралы терапевт дәрігері Абдуллаев С.Б. әңгімелесу өткізді. Дәрігерге дейінгі кабинет медбикесі Сұлтанова Б. ақпараттық көрнекілік материалдармен қамтамасыз еттілді.
Мұнайлы ауданындағы Басқұдық елді мекені әкімшілігінің конференция залында маусым айының 23-күні нашақорлықтың алдын алу тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинарға Мұнайлы аудандық үкіметтік емес ұйым «Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төреайымы Дәрібаева Райхан Сұлтанқызы және СӨСҚПО, ЖДБ мамандарының қатысуымен өтті. Медбикесі Джубатханова Ж.Б. буклеттер мен бетшелер таратты. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.
30.06.2015ж. Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы №5 орта мектептен ашылған «Ұлан» жазғы демалыс лагерінде семинар-тренинг өткізілді. Семинар «Есірткісіз болашақ» тақырыбында ЖИТС орталығының Мұнайлы аудандық дәрігері Аманжолова Г.К. және ЖДБ мамандары қатысуымен өтті. Семинардың негізгі мақсаты жас ұрпаққа есірткінің адам ағзасына қандай зияны бар екендігін, есірткілік заттардың түрлерін атап айтты. Ақыл кеңестер беріліп, бетшелер таратылды. Семинар соңында балаларға тренинг жүргізді.
Нашақорлық- есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткінің әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауырмен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, ойлау қаблетінің әлсіреуі сияқты ауруларға әкеліп соқтырады. Өзіміздің болашағымыз өз қолымызда. Салауатты өмір салтын сақтайық!
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.