Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Сенің өмірің. Сенің ортаң. Есірткіге жол жоқ!» ұранымен Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне ұштастырылған нашақорлықтың алдын алу мәселесіне мемлекеттік органдардың, көпшіліктің назарын аудару мақсатында, Мұнайлы аудандық аурухана директоры Шыршықбаев А.Е, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шоланова Ж.А. ,СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалы және Жастар денсаулық бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді, және ДА, БМСКК орталықтарының меңгерушілері, аурухана, емхана дәрігерлері, балалар дәрігерлері, нарколог дәрігері, Жедел жәрдем меңгерушісі және т.б. қатысуымен 02.06.2015ж. жұмыс тобы құрылып төмендегідей жұмыстар жасалынды. Маусым айының 8-ші жұлдызында
Мұнайлы аудандық орталық емханасында, маусы айының 9-шы жұлдызында Қызылтөбе елді мекеніндегі емханасында 9-шы жұлдызында «Сенің өмірің. Сенің ортаң. Есірткіге жол жоқ!» атты тақырыбында «Ашық есік» ұйымдастырылып өткізілді. Мұнайлы ауданындағы нарколог дәрігері Бужанов А.М халыққа есірткінің зияны жөнінде түсіндірді. ЖДБ қызметкерлері видео роликтер көрсетіп, бетшелер таратты.
10.06.2015ж. БМСККО Маңғыстау-5 емханасында «Сенің өмірің. Сенің ортаң. Есірткіге жол жоқ!» атты тақырыбында семинар –тренинг өткізді. Өткізген жалпы тәжрибелі дәрігер Базарбаев Д.Ж. 17.06.2015ж. Тұрғындарға темекі шегудің алдын алу, оның ағзаға зияны туралы терапевт дәрігері Абдуллаев С.Б. әңгімелесу өткізді. Дәрігерге дейінгі кабинет медбикесі Сұлтанова Б. ақпараттық көрнекілік материалдармен қамтамасыз еттілді.
Мұнайлы ауданындағы Басқұдық елді мекені әкімшілігінің конференция залында маусым айының 23-күні нашақорлықтың алдын алу тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинарға Мұнайлы аудандық үкіметтік емес ұйым «Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төреайымы Дәрібаева Райхан Сұлтанқызы және СӨСҚПО, ЖДБ мамандарының қатысуымен өтті. Медбикесі Джубатханова Ж.Б. буклеттер мен бетшелер таратты. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.
30.06.2015ж. Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы №5 орта мектептен ашылған «Ұлан» жазғы демалыс лагерінде семинар-тренинг өткізілді. Семинар «Есірткісіз болашақ» тақырыбында ЖИТС орталығының Мұнайлы аудандық дәрігері Аманжолова Г.К. және ЖДБ мамандары қатысуымен өтті. Семинардың негізгі мақсаты жас ұрпаққа есірткінің адам ағзасына қандай зияны бар екендігін, есірткілік заттардың түрлерін атап айтты. Ақыл кеңестер беріліп, бетшелер таратылды. Семинар соңында балаларға тренинг жүргізді.
Нашақорлық- есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткінің әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауырмен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, ойлау қаблетінің әлсіреуі сияқты ауруларға әкеліп соқтырады. Өзіміздің болашағымыз өз қолымызда. Салауатты өмір салтын сақтайық!
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»