МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

«1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні»

2017 жылдың 1 маусымы күні Мұнайлы орталық аудандық емханасында, Балалар бөлімшесінің ұйымдастыруымен, СӨСҚО мамандарымен бірге «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Балғын балалық шақ!» ұранымен «Ашық есік» күні өткізілді. Шараға директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Е. Досжанов, аудит дәрігері Т.М. Әлібеков, Балалар бөлімшесінің аға медбикесі К.Қонысбаева, КЗР медбикесі Б.П. Хайтжанова балаларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Шара барысында сурет салу сайысы ұйымдастырылып, қатысқан балаларға сыйлықтар табыстады. Ата-аналар балаларының қуанышына қуанып, тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында қатысқан барлық балаларға сыйлықтар беріліп, ата-аналарға кітапшалар таратылды. Қамтылған адам саны-145.

Сонымен қатар, 1-маусым  бауыр  еті  балалар  мерекесі  аясында  ДА  «Даулет» және №4  орта  мектеп  ұжымымен  бірге  Даулет  ауылы  бүлдіршіндеріне  арналған  қайырымдылық  мерекелік  іс  - шарасы  өткізілді.  Мерекеде  Даулет  ДА  ұжымы  өзінің  бір  бүйрегін  қызына  беріп  өмірін  жалғастырған  ер жүрек және  қаһарман  анаға Б.Аймағанбетоваға  ақшалай  көмек  көрсетіліді. Шараға қатысқан балаларға сыйлықтар  берілді.

«Балаларды қорғау күніне орай» ДА «Атамекен-1» аға дәрігері Г.Б.Садвокасованың ұйымдастыруымен «Мен өмірдің гүлімін» атты балалар арасында сурет салудан байқау өткізілді. Байқауға дәрігерлер, емхана психологы, медбикелер, ата-аналар және балалар қатысты. Байқау барысында балалар арасында сурет салу бойынша белсене қатысқаны үшін Марат Нурай, Құттымурат Інжу, Сейтмурат Абзал, Алтынбек Гадилбек атты балаларға мадақтама беріліп, сонымен қатар тақпақ, өлең айтқан балаларға және өлең жолдарын оқыған ата-аналарға да сыйлықтар берілді. Емхана дәрігерлері және ата-аналар балаларға деген ізгі тілектерін білдірді.

Мерекенің жалғасы БМСККО «Басқұдық», БМСККО «Қызыл төбе», ДА «Қызыл төбе-2» және ДА «Маңғыстау-5» жалғасын тауып, кішкентай періштелерді медицина қызметкерлері мерекелерімен құттықттады және сыйлықтарын табыстады.


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения