2017 жылдың 1 маусымы күні Мұнайлы орталық аудандық емханасында, Балалар бөлімшесінің ұйымдастыруымен, СӨСҚО мамандарымен бірге «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Балғын балалық шақ!» ұранымен «Ашық есік» күні өткізілді. Шараға директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Е. Досжанов, аудит дәрігері Т.М. Әлібеков, Балалар бөлімшесінің аға медбикесі К.Қонысбаева, КЗР медбикесі Б.П. Хайтжанова балаларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Шара барысында сурет салу сайысы ұйымдастырылып, қатысқан балаларға сыйлықтар табыстады. Ата-аналар балаларының қуанышына қуанып, тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында қатысқан барлық балаларға сыйлықтар беріліп, ата-аналарға кітапшалар таратылды. Қамтылған адам саны-145.
Сонымен қатар, 1-маусым бауыр еті балалар мерекесі аясында ДА «Даулет» және №4 орта мектеп ұжымымен бірге Даулет ауылы бүлдіршіндеріне арналған қайырымдылық мерекелік іс - шарасы өткізілді. Мерекеде Даулет ДА ұжымы өзінің бір бүйрегін қызына беріп өмірін жалғастырған ер жүрек және қаһарман анаға Б.Аймағанбетоваға ақшалай көмек көрсетіліді. Шараға қатысқан балаларға сыйлықтар берілді.
«Балаларды қорғау күніне орай» ДА «Атамекен-1» аға дәрігері Г.Б.Садвокасованың ұйымдастыруымен «Мен өмірдің гүлімін» атты балалар арасында сурет салудан байқау өткізілді. Байқауға дәрігерлер, емхана психологы, медбикелер, ата-аналар және балалар қатысты. Байқау барысында балалар арасында сурет салу бойынша белсене қатысқаны үшін Марат Нурай, Құттымурат Інжу, Сейтмурат Абзал, Алтынбек Гадилбек атты балаларға мадақтама беріліп, сонымен қатар тақпақ, өлең айтқан балаларға және өлең жолдарын оқыған ата-аналарға да сыйлықтар берілді. Емхана дәрігерлері және ата-аналар балаларға деген ізгі тілектерін білдірді.
Мерекенің жалғасы БМСККО «Басқұдық», БМСККО «Қызыл төбе», ДА «Қызыл төбе-2» және ДА «Маңғыстау-5» жалғасын тауып, кішкентай періштелерді медицина қызметкерлері мерекелерімен құттықттады және сыйлықтарын табыстады.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»