МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

«Ұлттық отбасы күні»

  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы елімізде тұңғыш рет Отбасы күні бекітілді, ол Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Елбасымыз атап өткендей: - «Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. «Отбасы күні» біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі». 

  Ұлттық отбасы күніне орай,қыркүйек айының сегізінші жұлдызы күні СӨСҚО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары және Мұнайлы АХАЖ мамандарының ұйымдасуымен мерекелік шара өткізілді.Мерекелік шараның мақсаты:жас жұбайлардың отбасына ынтымақ,шаңырақтарына береке және үлгілі отбасы болуына шақыру.Осы мереке күніне орай,3 жас жанұяның (Жұмагазиев Халбек және Ельчибаева Роза,Дусенбаев Талгат және Бектурганова Несибели,Есенғалиев Дархан және Серікбай Айсара) некесі қиылып,жас отбасыларына құттықтау қағазы мен сыйлық берілді.Бүгінгі неке құрған жас жұбайларға,шаңырақ көтеріп,отау құрып жатқан мерейлі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

  Мұнайлы ауданының барлық тұрғындарын бүгінгі керемет мерекемен құттықтай отыра жанұяларыңызға бақ береке және бақытты ғұмыр тілейміз!


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения