Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы елімізде тұңғыш рет Отбасы күні бекітілді, ол Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Елбасымыз атап өткендей: - «Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. «Отбасы күні» біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі».
Ұлттық отбасы күніне орай,қыркүйек айының сегізінші жұлдызы күні СӨСҚО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары және Мұнайлы АХАЖ мамандарының ұйымдасуымен мерекелік шара өткізілді.Мерекелік шараның мақсаты:жас жұбайлардың отбасына ынтымақ,шаңырақтарына береке және үлгілі отбасы болуына шақыру.Осы мереке күніне орай,3 жас жанұяның (Жұмагазиев Халбек және Ельчибаева Роза,Дусенбаев Талгат және Бектурганова Несибели,Есенғалиев Дархан және Серікбай Айсара) некесі қиылып,жас отбасыларына құттықтау қағазы мен сыйлық берілді.Бүгінгі неке құрған жас жұбайларға,шаңырақ көтеріп,отау құрып жатқан мерейлі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұнайлы ауданының барлық тұрғындарын бүгінгі керемет мерекемен құттықтай отыра жанұяларыңызға бақ береке және бақытты ғұмыр тілейміз!
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»