МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

Жемқорлыққа қарсы күрес күні

Денсаулық саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрестің жай-күйі туралы

Бәрімізге белгілі, 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын» бекітті.

  Осы бағдарламаның негізгі мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеу және қарсы болу жағдайын қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету жолында денсаулық саласында да біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні, ауданымыздағы бірқатар медициналық қызметтер электронды түрге көшірілді.

Атап айтсақ, Денсаулық сақтау бірыңғай ақпараттық жүйесіне сәйкес келесі қызметтер көрсетіледі :

-  тұрғындарды тіркеу порталы РПН -  ауданымыздағы әр тұрғын кепілдендірілген тегін медициналық көмек алуы үшін, өзі тұратын аймақтағы медициналық мекемеге тіркеледі.

-  АИС поликлиника – медициналық қызмет көрсетілген әр азамат туралы ақпаратты Республиканың кез келген мемлекеттік медициналық мекемелерінен алуға болады. Бұл дегеніміз, болашақта пациенттердің медициналық көмекке жүгінгені немесе жалған ақпарат беруінің алдын алу және біз үйренген, қағаз нұсқадағы амбулаторлық картаның орнын электронды амбулаторлық картамен алмастырылуы мүмкіндігі.

-  ИСЛО – «Д» есептегі науқастар мен кейбір амбулаторлық ауру жай күйіне байланысты тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз етілуі мен жұмсалған шығынды есептеу ашықтығы.

-  ЭРСБ - стационарлық науқастарды электронды тіркеу. Жоспарлы жатқызылатын науқастар кезегінің автоматты түрде берілуі стационарға жатуға берілетін жолдаманы, таныстық бойынша беруді болдырмайды.

Жемқорлықты кейбір азаматтар үйреншікті іске айналдырса, кейбірі мәселені тез арада шешудің тәсілі деп түсінеді.

Мұнайлы ауданы денсаулық саласындағы 2015 жылы атқарылған сыбайлас  жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі, Пациентті қолдау және медициналық қызметті бақылау және «Call centre 30-45-56» қызметінің, «Сенім телефонының +77473084375»  іске қосылуы. Аталған қызмет, медициналық қызметке жүгінетін барлық тұрғындарға, кейбір заңда көрсетілген басымдылықтардан өзге (мүгедектік, кәмелетке жасы толмағандар, жүкті әйелдер) бірдей көрсетілетіндігін насихаттауда өз нәтижесін көрсетіп отыр. «Call centre» қызметіне күніне 55-60 қоңырау түссе, Сенім телефонына жауапты маман 7-8 қоңырауға дейін қабылдайды. Бұл қызметте, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, яғни медициналық қызметке қатысты шағымның немесе өтініштің өзгеріссіз, мағынасы бұзылмастан қабылдануы үшін автоматты түрде жазылу және олардың «компьютер жадына» сақталуы қамтамасыз етілген. Аудан тұрғындарынан түсетін көп шағымдардың бірі кейбір дәрігерлерге кіру мүмкін болмайтындығы және кезектің көптігі. Бұл жағдайды да, кезекті талонмен реттеу жүйесі біртіндеп енгізілуде.

Медициналық қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың бір көрінісі, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын  ашуда немесе профилактикалық медициналық байқаудан өткізуде заңсыздыққа жол беріп,  сол үшін сый алуы. Анықталған фактілер бойынша хаттамалар толтырылып, заңға сәйкес тәртіптік шара қолданылуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». Олай болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты бірге қалыптастырайық.


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения