МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

100 нақты қадам - аудандық денсаулық саласында

Бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы “100 нақты қадам” аудандық денсаулық саласында

«100 нақты қадам» – бұл жаңа тарихи заманда дамыған отыз мемлекеттердің қатарына кірудегі нақты жоспар. Бұл нақты қадам елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру және күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай жасайды. Денсаулық саласында оң өзгерістерді енгізу құжаттың ІІІ бағыты «Индустрияландыру және экономикалық өсім»80, 81, 82 қадамдарда айқындалған. Бүгінде елімізде денсаулық  саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқа­ры­лып жатқаны белгілі. Соның бірі Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында орындалды. 82 - қадамда көрсетілгендей медициналық сапа мен оның қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында «Медициналық қызметті бақылау және пациентті қолдау қызметі» ашылды. Бұл қызметтің негізгі мақсаты: пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) орнында олардың түсуі бойынша «осы жерде – қәзір» қағидасы бойынша шешу, пациенттердің медициналық қызмет көрсетуінің деңгейі мен сапасын қанағат етуді оларды сауалнамадан өткізу арқылы меңгеру, пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларын денсаулық сақтау саласындағы орнатылған стандарттарға сәйкестікке бағалау, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемді көрсетудің қағидаларын сақтау, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға әсер ететін жұмыстағы олқылықтардың алдын алу және болдыртпауға бағытталған шараларды дайындау. Тұрғындарға Аудандық емханадағы кейбір медициналық қызмет түрлеріне алдын ала жазылу немесе денсаулығына қатысты сұрақтарына жауап беру үшін «Call centre 30-45-56» және «Сенім телефоны +77473084375»  қызметі іске қосылды. «Call centre» қызметіне күніне 55-60 қоңырау түссе, Сенім телефонына жауапты маман 7-8 қоңырауға дейін қабылдайды. Бұл қызметтер медициналық қызметке қатысты шағымның немесе өтініштің өзгеріссіз, мағынасы бұзылмастан қабылдануы үшін автоматты түрде жазылу және олардың «компьютер жадына» сақталуы қамтамасыз етілген.

100 нақты қадам  «Қазақстан 2050» стратегиялық жоспарды орындаудың қысқа мерзімге арналған жоспары тәрізді. Олай болса, аудандық аурухана да Елбасының алдымызға қойған міндеттерінің маңыздысы ана мен баланы қорғауды жауапкершілікпен атқарып, денсаулық сақтау жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сай 1 жасқа дейінгі сәбилерді және жүкті әйелдерді жіті қадағалау мақсатында аула аралау жұмысы жасалуда. 2014 және 2015 жылы сәбилері шетінеген әйелдердің денсаулығы тексеріліп, сауықтыру жұмысы жүргізілуде. Денсаулық жағдайына байланысты босануға мүлдем болмайтын әйелдер дәрігерлердің жіті қадағалауында. Аудандық емханадан «Балалар шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» орталығы ашылып дәрігерлер мен медбикелер оқытылуда және аналарға арналған ерте жастағы балаларды дамыту және тамақтандыру ресурстық орталығы жұмыс жасап тұр. Бұл орталықтар өз кезегінде дәрігерлер мен медбикелердің бала денсаулығын бағалап, дер кезінде көмек көрсетілуіне және аналардың өз балаларын ерте жастан дұрыс күтуіне насихат жасайды.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында келесі жағдай атап көрсетілген, яғни «Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз.» «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болғандықтан, аурулардың барлық  түрлерін диагностикалау мен емдеумен қамтамасыз ету жолдарын қарастыруда тек, Мемлекеттен бөлінген қаражатқа ғана емес сонымен қатар, заңға қарсы емес жолдар арқылы ақылы медициналық қызмет түрлерін көрсетумен мекеменің қазынасын толтыруда.

«Мемлекет басшысы қысқа және ұзақ мерзімге жоспарлау арқылы қазақстандықтарды әлемдік деңгейде бәсекелестікке дайын болуға бағыттайды. Ауданымыздың денсаулық саласында жасалып жатырған игі істер арқылы, тұрғындарымызға сапалы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, Елбасымыздың тапсырмаларын және маңызды жүз қадам жоспарын орындау Аудандық аурухананың басты міндеті.»

 


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения