Ағымдағы жылдың, қараша айының екінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы "Жастар" орталығында, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары: Жумина Хадиша Хасанқызы мен Геронтолог дәрігер: Байсұлтанова Аяш Чарипханқызының ұйымдастыруымен, ардаргерлер арасында семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты: Қарт адамдардың қоғамдағы алатын орнын анықтап, олардың алдында тұрған әр түрлі мәселелеріне көз жіберіп, әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын қарастыру.
Семинар барысында, Геронтолог дәрігер: Байсұлтанова Аяш Чарипханқызы, ардагерлерге, қарт адамдардың саны бүкіл әлемде өсуде екендігін және бұл денсаулық сақтау орталықтарының жетіспеушіліктерімен, өмір жасының ұзаруымен, сонымен қатар бала туудың төмендеуі мен қарт адамдардың саны жалпы массалық түрде өсіп келетіні туралы толық мәлімет берді.
Сондықтан да, қазіргі кезде, мемлекеттен, не жалпы қоғам тарапынан болсын, бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде. Қарт адамдармен жұмыс істеу үшін, бұрынғы және қазіргі әлеуметтік жағдайын, психикалық ерекшелігін, материалдық және рухани қажеттілігін біле отырып, социологиялық ғылыми зерттеулерге сүйенген жөн.
Яғни, қарт адамдар қазіргі кезде әлеуметтік көмекті және мемлекеттік қолдауды қажет ететін топтардың бірі болып табылады. Бірақ бұл көмек пен қолдауды көрсетпес бұрын, осы қарт адамдардың көкейкесті мәселелерін анықтап, оларды шешудің жолдарын қарастырған дұрыс болар еді.
Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «Геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан.
Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. "Геронтология" қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Геронтолог дәрігер: Байсұлтанова Аяш Чарипханқызы, осы "Геронтология" қартаю процесі жөнінде толық баяндай отырып, ардагерлердің әлеуметтік жағдайлары мен денсаулықтарын анықтап, әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстарының алдағы уақыттарда қарастырылатынына мол сенім білдіретіндігін де айтып өтті.
Ардагерлер, Аяш Чарипханқызына, өздерінің алғыстары мен ризашылықтарын білдіре отырып, алдағы уақытта үкіметтен әлеуметтік көмек күтетіндерін ескерте кетті.
Қатысқан ардагерлер саны: 12.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
02.11.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.