Ағымдағы жылдың, қазан айының отыз бірінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, "Отбасын жоспарлау" кабинетінде "Дені сау бала кабинеті" бойынша "Баланы дұрыс емізу ережелері", "Дұрыс тамақтану" және "Жүктіліктің маңызды кезеңдері" атты тақырыптар бойынша семинар сабақ өткізілді.
Шараның басты мақсаты: Баланы емізу жолдарын үйрету, жүктілік кезеңдерін түсіндіру және жаңа туылған нәрестеден, 3 жасқа дейінгі балалардың дұрыс тамақтану ережелері мен бала ауруларының алдын алу жолдары туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар, "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету мектебі" бойынша сабақ өткізген медбике: Г.Каракулова. "Аналар мектебі" және "Дені сау бала" кабинеті бойынша медбике: Жансая Саттибаева, аналардың баланы дұрыс тамақтандырулары жөнінде біраз кеңестер айтып, іс-жүзінде көрсетіп, қосымша жұмыстарын жүргізді. Акушер-медбике: Әділбаева Зульфия, жүкті әйелдерге кеңестер айтып, ана мен бала туралы дәріс оқыды.
Қатысқан барлық адамдар саны: 9.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
31.10.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.