Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, КРР кабинетінде, дені сау бала кабинетінің жұмысын түсіндіру және терапия бөлімінде, әйелдер ауруларының алдын алу, скрининг жөнінде учаскелік терапевт дәрігерлер арасында талдау, талқылау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы мақсаты: Әйелдерге аурулардың алдын алу жөнінде түсініктер беру және балалардың дұрыс тамақтануы мен жүйке-психикалық дамуын бақылау жөнінде талдау жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар, талдау, талқылау жұмыстары барысында, БМСККО меңгерушісі: Сариева Жанар Азатқызы, ата-аналардың балаларын ерте жастан тәрбиелеудің негізгі қағидалары бойынша түсініктер беріп, ата-аналарға санитарлық ағарту, баланың дамуындағы аурулар мен ауытқулардың алдын алуы, балалардың жүйке-психикалық дамуын бақылау туралы мәліметтерді, учаскелік дәрігерлердің үнемі ескертіп отыру қажеттіліктерін айта өтті.
Қатысқан дәрігерлер мен медбикелер саны: 19.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
01.10.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.