Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының жиырма алтыншы жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, "Отбасын жоспарлау" кабинетінде "Дені сау бала кабинеті" бойынша "Баланы дұрыс емізу ережелері", "Дұрыс тамақтану" және "Аналар мектебі" бойынша семинар сабақ өткізілді.
Шараның басты мақсаты: Баланы емізу жолдарын үйрету және жаңа туылған нәрестеден, 3 жасқа дейінгі балалардың дұрыс тамақтану ережелері мен бала ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру.
Сонымен қатар, "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету мектебі" бойынша сабақ өткізген медбике: Г.Каракулова. "Аналар мектебі" және "Дені сау бала" кабинеті бойынша медбике: Жансая Саттибаева, аналардың баланы дұрыс тамақтандырулары жөнінде біраз кеңестер айтып, іс-жүзінде көрсетіп, қосымша жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, психолог маманы: Орунбасарова Мариям Нұрлыханқызы, аналарға психологиялық кеңестер мен түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы бетшелер таратты.
Қатысқан барлық адамдар саны: 7.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
26.09.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.