Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының он сегізінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасында, жас аналарға "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету" мектебі және "Дені сау бала кабинеті" бойынша семинар сабақ болып өтті.
Семинардың негізгі мақсаты: Жас аналарға балаларының дұрыс тамақтануын ескерте отырып, тамақтандыру ережелерімен таныстыру мақсатында, іс жүзінде аналарға көрсетіп, үйретуді қадағалау.
Сонымен қатар, "Отбасын жоспарлау" кабинеті бойынша, акушер медбике: А.Сарниязова, сабақ өткізіп, жас аналарға, өздерін күту туралы ережелерімен таныстыра отырып, балаларының өсіп дамуы туралы біраз, пайдалы кеңестер берді.
Семинарда, аналарға, "Ресурстық орталығы" кабинетінің медбикесі: Г.Каракулова, балаларға пайдалы тағамдардан ботқа жасауды, дәрумендерге толы жемістерді қалай беру керектігін айтса, "Дені сау бала" кабинетінің медбикесі: Ж.Сәттібаева, барша аналарға, омырау арқылы емізудің ережелерімен таныстырып өтті.
Cондай-ақ, жас аналарға психологиялық кеңестер беріліп, арнайы бетшелер таратылды.
Қамтылған адамдар саны: 10.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
18.09.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.