Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының он бірінші жұлдызы күні, Қызылтөбе-2 дәрігерлік амбулаториясында, Жалпы тәжірибелік дәрігері: С.Ж.Ходжабекова, «Сүт безі обырының алдын алу» атты тақырыбы бойынша «Ашық есік» күнін өткізді.
«Сүт безі обыры ауруының алдын алу» атты тақырыбында, дәріс оқылып, келіп шығуы себептері мен клиникалық белгілері туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Акушер-гинеколог дәрігері: Сариева Марал Азатқызы, әйелдерге дәріс оқып, өз-өздерін қалай тексеру қажеттігі жөнінде түсіндіре өтті.
Сонымен қатар, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, қосымша түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, психологиялық кеңестер беріп, арнайы бетшелер таратты.
Сондай-ақ, әйелдер, дәрігерге дейінгі кабинеттен, арнайы дәрігерлік тексерістен өткізілді. Қатысушылар арасында сұрақ-жауаптар жүргізілді.
Қатысқан адамдар саны: 14.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
11.09.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.