Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019-шы жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шара жоспарын орнату аясында, Батыр дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері: Бекниязова Гүлзира Иманбаевнаның, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының және жалпы тәжірибелі дәрігер: А.Е.Бердимуратовтың ұйымдастыруымен, "Емізу-бала саулығының негізі" атты іс-шара өткізу мақсатында, балалы аналарға дәріс оқып, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Аналарға, дұрыс тамақтану мен баланы емізудің техникасын түсіндіре отырып, тәжірибе жүзінде көрсету.
Сонымен қатар, балалы аналарға қосымша дәріс оқып, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, жалпы тәжірибелі дәрігерінің медбикесі: Б.Шаграева, аналарға, баланы қалай емізу керек екендігі жөнінде қосымша түсіндіріп, іс жүзінде көрсетіп берді. Тақырып, кең, әрі түсінікті түрде жүргізілді. Қатысушылар мен дәрігер арасында, сұрақ-жауаптар болып, арнайы бетшелер таратылды.
Қатысқан адамдар саны: 15.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
10.08.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.