Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019-шы жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шара жоспарын орнату аясында, "Емізу-бала саулығының негізі" атты іс-шараны өткізу мақсатында, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, емізулі аналар арасында, "Баланы емізу техникасы" тақырыбында және де, аналардың дұрыс тамақтануы жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Аналарға, дұрыс тамақтану мен баланы емізудің техникасын түсіндіре отырып, тәжірибе жүзінде көрсету.
Сонымен қатар, "Дені сау бала" кабинетінің медбикесі: Г.Тоғызбаева, баланы емізудің техникасын көрсетіп берді.
Сондай-ақ, аналар мен психолог арасында сұрақ-жауаптар болды. Қатысушы аналарға арнайы бетшелер таратылды.
Қатысқан әйелдер саны: 6.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
09.08.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.