Мемлекеттің басты байлығы адам десек, адамның басты қазынасы – денсаулығы. Ендеше дені сау адам ғана мемлекеттің байлығы, ұлт болашағы болып табылатыны белгілі. Осыны ескерген біздің елімізде қазақстандықтар саулығын сақтау, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту мақсатында Мұнайы ауданының Батыр селосындағы «Дәрігерлік амбулатория» ашылып халық игіліне берілді
Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы, аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бектубаев Руслан Фаризунұлы, ауыл және ауылдық округ әкімдері, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, дәрігерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Батыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының ашылу рәсімінің лентасын Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Алдашев Сүйіндік және Пір Бекет Ата ұрпағы, Батыр ауылдық округінің тұрғыны Сандыбеков Бердіхан қиды. Ал, тапсырушы мердігер компаниясы «Альянс-ЛТД» ЖШС директоры Керелбаев Асқар аудандық аурухананың директоры Ширшиқбаев Айларбекке ғимарат кілтін салтанатты түрде табыс етті. Ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, Пір Бекет Ата ұрпағы, Батыр ауылдық округінің тұрғыны Сандыбеков Бердіхан жаңа ғимараттың ашылуымен арнайы құттықтап, ауыл тұрғындарының атынан алғысын жеткізді.
Дәрігерлік амбулатория ғимараты ауысымына 40 адам қабылдауға арналған, Амбулатория заман талаптарына сай озық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталып, стоматолог, акушер-гинеколог, хирург мамандарына арналған кабинеттермен толыққан.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.