"Менингит-адамзат өміріне өте қауіпті ауру!" Ол инфекцияның жұғу жолына қарай, ми қабатының зақымдалуына қарай, қоздырғыштың түріне қарай деп үшке бөлінеді.
Менингиттін қай түрі болмасын науқастардың барлығында менингиальді синдром бірдей болады. Яғни,
- қатты бас ауруы. Кейде бас толықтай ауырса, кейді кейбір бөліктері ғана аурады. Шу, жарық, өткір иістер бас ауруын қоздырады.
Менингитке шалдыққан кішкентай балалар көбіне түнде айқайлап оянады.
- Бас ауруымен қоса тамаққа қатысы жоқ құсу белгілері болады.
- Желкенің тырысуы сынды түрлі неврологиялық симптомдары болады.
Сонымен қатар, менингитке шалдыққан адам жарықтан және қатты дыбыстардан қорқады. Кейде қояншық ауруы сынды ұстамалары болуы мүмкін.
Менингит вирус, бактерия, саңырауқұлақтар және бастың қатты ұрып алудан пайда болуы мүмкін.
Менингит балаларға көбіне ағзаға тамақпен бірге кіретін энтеровирустар арқылы жұқса, ересектерге стрептокок, менингокок, стафилокок, нейсерия сынды бактериялар арқылы жұғады.
Менингиттен сақтану жолы:
Менингитті көбіне түрлі вакциналар арқылы алдын алып жатады. Алайда мысалы стрептокок арқылы тарайтын менингитке қарсы салынған вакцина сізді тек сол бактериядан ғана қорғайды.
Сол үшін менингитті ауырмай тұрып алдын алған жөн. Ол үшін:
- Иммунитетті жоғарылату. Дұрыс тамақтану, ұйықтау т.б.
- Кез келген ауруды дер кезінде емдеу.
- Қолды әрдайым таза ұстау, кез келген азық-түлікті тұтынардан бұрын жақсылап жуу.
- Басыңызды зақымдап алсаңыз міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.
- Кез келген ЖРВИ-де парацетамол емес, вирусқа қарсы препараттарды қабылдау қажет.
Жақындарыңызда менингиттің белгілерін байқасаңыз тезірек жедел жәрдем шақырыңыз. Сонымен қатар оны неврологиялық бөлімге апарғандарын қадағалаңыз, себебі менингитті те неврологияда ғана емдейді.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.