Ағымдағы жылдың, мамыр айының он сегізінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасында, туберкулездік диспансерінде және стационар бөлімшесінде, Комплексті медициналық ақпараттық жүйе "damumed" электронды қызметіне жауапты маман: Ғаниева Ақсана Исақызының ұйымдастыруымен, медицина қызметкерлерінің арасында "damumed" электронды қызметі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына, "damumed" электронды қызметі жөнінде, түсіндіру жұмыстарының жүргізілетін күндеріне байланысты арнайы кесте құрылды. Сол кесте арқылы, Ғаниева Ақсана Исақызы, ауыл тұрғындары мен БМСККО емханаларына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратын болды.
Негізгі мақсаты: Ауыл тұрғындарына Комплексті медициналық ақпараттық жүйесі "Damumed" қызметін толықтай түсіндіре отырып, болашақта "Damumed" қосымшасын өздерінің ұялы телефондарына орнату арқылы, барлық медициналық мүмкіндіктерді пайдалануларымен қатар, электронды картаның жүктелу жолын түсіндіру.
Мұнайлы орталық аудандық емханасының, медицина қызметкерлерінің саны: 50;
Туберкулездік диспансер қызметкерлерінің саны: 11;
Стационар бөлімшесі қызметкерлерінің саны: 11.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
18.05.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.