МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

2015 жылдың 1-10 маусым аралығында «Жедел ішек ауруларының алдын алу» жұмысы жүргізілді.

     Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс –шаралар жоспарына сәйкес, 2015 жылдың 1-10 маусым аралығында «Жедел ішек ауруларының алдын алу» күні концепциясын жүзеге асыру арқылы тұрғындарды жедел ішек инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу жөнінде хабардар ету мақсатында,  

Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының  29.05.2015 жылы жұмыс тобы құрылып іс –шаралар  жоспары бекітілді.

Директордың  емдеу ісі жөніндегі  орынбасары Шоланова  Ж.А,Мұнайлы орталық  аудандық ауруханасының емхана жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.А.Сариева, және Мұнайлы аудандық инфекционист дәрігері Каймуллаев С.К, эпидемиолог дәрігері Басбаева Ж.Ж, СӨСҚО  мұнайлы аудандық филиалы және Жастар денсаулық бөлімі  мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді, және  ДА, БМСКК  орталықтарының меңгерушілері, аурухана, емхана дәрігерлері, балалар дәрігерлері  және т.б. қатысуымен  жиналыс өткізілді. 

Мұнайлы ауданының емдеу сауықтыру мекемелерінде 2015 жылдың аурулардың алдын алу және Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысындағы іс –шараларды өткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынды. Акция  аясында жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары  жасақталып бекітілді.

Мұнайлы аудандық емханада 10.06.2015ж. Инфекционист дәрігері Каймуллаев С.К, және эпидемиолог дәрігері Басбаева Ж.Ж. барлық медицина қызметкерлері қатысуымен семинар өткізілді. Семинарда Мұнайлы ауданының халық санының тығыздығына байланысты  жаз айларында  жедел ішек ауруының көп болатындығын айтып өтті. Сонымен қатар далада сатылатын өнімдерді тұтынбауын және сатып алмау керек екенін түсіндірді. Өткен жылдарды салыстырып статистика бойынша жыл сайын осы жұқпалы ішек ауруы өсіп отырғандығы жайлы да айттып кетті. СӨСҚОО филиалының мамандары буклеттер,  бетшелермен қамтамасыз етті.

Ата –аналарға  үгіт  насихаттау жұмыстары жүргізіліп, бетшелермен буклеттер таратылды.

Қызыл –төбе   дәрігерлік амбулаториясында балалар дәрігері  Нуркасимова  Қ.А. аналарға дәріс оқыды. Медбикесі  келген ата –аналарға  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, парақшалар таратты.

Барлық емдеу сауықтыру мекемелерінде акция аясында видео –роликтер көрсетілді.

Қызыл –төбе 2 дәрігерлік амбулаториясында терапевт  дәрігері Аллабергенова Л, балалар дәрігері  Турениязова В.С. онкүндік аясында аналарға дәріс оқып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения