Ағымдағы жылдың, наурыз айының отызыншы жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасына, Астана қаласынан, Облыстық сенат депутаты: Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы және сенат депутаты: Әйтімова Бірғаным Сарықызы, "Президенттің 5 бағдарламасын халыққа түсіндіру" мақсатында арнайы қонаққа келді. Арнайы қонақтарды, Маңғыстау облыс әкімінің орынбасары: Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы және Мұнайлы ауданының әкімі: Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы қарсы алды.
Сонымен қатар, Мұнайлы орталық аудандық аурухана басшысы: Шыршықбаев Айлар Елтайұлы және директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары: Жумина Хадиша Хасанқызы, директордың тар көлемді мамандар бөлімінің меңгерушісі: Әлібеков Тілеген Мақсатұлы және бас медбике: Жазықбаева Зәуре Жалғасбайқызы, емхана ұжымымен таныстырып, емхана жүйесін баяндап, әр кабинетті көрсетіп, пациенттерге сұрақ қойып, хал-жағдайларын сұрап өтті.
Сондай-ақ, Облыстық сенат депутаты: Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы және сенат депутаты: Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Мұнайлы орталық аудандық емхана ұжымына және емханаға келген пациенттерге "Президенттің 5 бағдарламасын халыққа түсіндіру" атты тақырып бойынша, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, келген мақсаттарын толықтай түсіндіріп, ұжым мен пациенттерді зор ризашылыққа бөледі. Емхана ұжымымен және аудан тұрғындарымен әңгімелесіп, мол мәліметтерге ие болды.
Қелген қонақтар саны: 4;
Қатысқан ұжым саны: 215;
Аудандық аурухана басшысы мен орынбасарларының саны: 4.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
30.03.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.