Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау аясында, халыққа туберкулездің алдын-алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттілігі туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында, Батыр елді-мекеніндегі Батыр дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер: Г.И.Бекниязова және психолог: Г.А.Жамалованың ұйымдастыруымен, наурыз айының он тоғызыншы жұлдызы күні, № 10-шы орта мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында және наурыз айының жиырмасыншы жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері мен тұрғындар арасында "Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні" атты тақырыбында дәріс оқылып, халыққа түсінік, үгіт, насихаттау жұмыстары кең түрде жүргізілді.
Сондай-ақ, денсаулық бұрышы жасақталды. Дәріс оқу барысында аға дәрігер: Г.И.Бекниязова туберкулез ауруы туралы толық баяндап берді және психолог: Г.А.Жамалова қосымша түсініктер айтып, жөтелу әдебі аттты тақырыпты да талқылай түсті.
Сонымен қатар, дәрігер мен қатысушылар арасында сұрақ-жауаптар болды.
Қатысушылар саны: 10;
Мұғалімдер мен оқушылар саны: 21;
Медицина қызметкерлер саны: 26.
Барлығы: 57.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
19.03.-20.03.2018 жыл.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.