Ұлы Отан соғысындағы Жеңісте қаншама адамның маңідай тері мен жанқиярлық еңбегі жатыр . Сол зұлматты күндерде от кеше жүріп ұрпағына бейбітшілік сыйлаған майдангерлерді қалай құрметтесек те жарасады.
Осы қағиданы басшылыққа алған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Мурад Жанисов пен оның орынбасары Нұртай Тобанов ауданда тұратын ардагерлердің үйіне барып, хал жағдайын сұрап қайтты. Алдымен баяндылық қарт жауынгер Абдолла Өтееевтің шаңырағына бас сұққан едік. Қонақтарын қуана қарсы алған ақсақал соғысқа қайдан-қалай аттанғаны ме н көрген қиындықтарынан біразын әңгімеледі. « Жау құрсауында қалдық , аяқтан жараландым.... Госпитальда аяқтағы байлауды ағытып , суға салғанда ыдыстағы су беті топырлай түскен құртқа толды . Сөйтсем, жара құрттап , аяқтың етін тескелеп тастаған екен....» Ермек Құлиев пен Фахрузиян Серебрикованың халі де бір қалыпты, олар да көңіл сұрай келгендерге ағысын айтып , естеліктерімен бөлісті. Қорғаныс бөлімдері өкілдері өз кезегінде ардагерлердің мұқтаждықтарын түртіп алып, қажетті жерлерге жеткізетіндігін мәлімдеді.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.