Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесі Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылы, «Ер Төстік» балабақшасында, «Тұмаудың алғашқы белгілері, жұғу жолдары және алдын алу» тақырыбында дәріс семинар өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: барлық халықтың, әсіресе ауыру қауіпі жоғары тұлғалар арасында, оның ішінде емшектегі, ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ата-аналары арасында уақытында вакцинациялаудың қажеттілігі туралы ақпараттандыру.
Шара барысында Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының эпидемиолог дәрігері А. Серикбаева «Тұмаудың алғашқы белгілері, жұғу жолдары және алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды, тақырыпқа сай ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.
Мұнайлы орталық аудандық аурухана әкімшілігі
19.01.2018 ж.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.