Ұлт ұрпағының болмысын қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынынан бастау алады. Әрбір ұлт өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі – бұл талдауға жатпайтын мәселе. Әр адам – адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз – өзіндік мінез-құлқымызбен, бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни болмысы қалыптасуы үшін жасау керектігін әрбір ата-ана білуі керек.
Психолог мамандар ата-аналарға сәби дамуының бастауы мына факторлардан тұратынын ұғындырса тиімді болады. Олар: биологиялық – туа және жүре берілетін ерекшеліктер; әлеуметтік – бала өсіп жетілетін рухани орта. Жазушы Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді.
Психолог маман ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгенін талап еткен жөн. Ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне қөзқарасы да сан алуан. «Отбасылық психологиялық таным» сабақтарын жүргізгенде, оң нәтижесін берері сөзсіз. Ол үшін ең алдымен, ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған мен психорефлекциялар жүргізіледі. Әрине, кез-келген ата-ананың өзі туралы, өз баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық. Сондықтан, бұл жұмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту сипатында жүргізілгенімен, кейінірек мән-маңызын берері тереңдей түседі.
Бала үшін отбасы – ең алғашқыда аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлғаның қалыптасуына бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды. Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі);
- шаруашылық-экономикалық (ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасауы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынасты түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалпына келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіркеу шараларын қамтамасыз ету).
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
Құрылымы бо йынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш әулетті отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасы – ата-аналар және балалар, бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен жанұлар); отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды). Әкімшіл (авторитарлы) отбасы – бала қарсылығын немесе күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілік стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл немесе либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды. Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:
- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;
- балаға әсер ететіне құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;
- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады.
- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланың намысына тиіп, қорламаңыз (еш уақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман);
- бала жөнінде басқалар (көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыс;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;
- балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала түгелдей ата-анасына тәуелді;
- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді;
- ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;
- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;
- баланы қиындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыру болмайды.
Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. Отбасында ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бәрі баланы қалыптастыруда өз үлесін қосуда. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың қажеті жоқ, тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.