Ағымдағы жылдың 09 қыркүйегінде Мұнайлы ауданында ораналасқан «Алтын ана» мейрамханасының алаңында, «Денсаулық фестивалі - 2017» атты мерекелік шара өтті. Шараның басын Мұнайлы ауданының әкімі Н.Т.Тәжібаев құттықтау сөзімен ашты. Шара барысында спорт түрлерінің (каратэ, самбо және т.б.) көрінісі, ұлттық ойындарынан (асық ату, арқан тарту, қазақша күрес) жарыстар өтіп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Мұнайлы орталық аудандық емханасының кіші медицина қызметкерлері «Салауатты өмір салтын ұстану» ұранымен флэшмоб биледі және осы флэшмобқа аудан тұрғындары белсене қатысты. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына арналған «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылып, эндокринолог, терапевт және жалпы тәжірибелік дәрігерлерінен тұрғындар тегін түрде кеңестер алды. Ал дәрігерге дейінгі кабинет медбикелері тұрғындардың артериалық қан қысымын, бойы мен дене салмағын, бел ауқымы өлшемдерін жасап, ЭКГ – ге түсіріп, қандағы қанттың деңгейін анықтады. Шара соңында көңілді әндер шырқалып, арнайы түрде фестивалдің жабылу салтанатымен аяқталды.
Әрдайым деніміз сау, ұрпағымыз тыныш болғай ағайын!
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.