«Вирустық гепатиттердің алдын алу»
Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы және СӨСҚО Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, 2017
жылдың 18 шілде күні Мұнайлы орталық аудандық балалар бөлімшесінде КЗР
кабинетінде «Гепатиттердің вирустарына қарсы иммундау, жеке гигиенаны
сақтау, анадан балаға В вирустық гепатитінің жұғуы, гепатиттердің алдын
алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысқан ата-аналарға КЗР
медбикесі Б.Хайтжанова В гепатитінің алдын алудың, ең тиімді шарасы
ретінде уақытында вакцинациялау қажет және жеке тазалық ережелерін
ұстану керек екендігін айтып түсіндірді және аналардың қойған сұрақтарына
жауап берді. «Жеке бастың тазалығын сақтау», «Вирустық гепатиттердің
алдын алу» жөнінде бетшелер, бүктемелер таратылды. Қамтылған адам саны-
39.