МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!»

2014 жылдың 6 қыркүйек айында Маңғыстау - 4 селосы, №11 орта мектеп жанында игі дәстүрге айналған бастамалардың бірі – «Денсаулық фестивалі» «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» девизімен кең көлемде атап өтілді. Шараны аудан әкімінің орынбасары Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы құттықтау сөзімен ашып берді. Сонымен қатар, шараға село әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері, медицина қызметкерлер,мектеп оқушылары, аудан тұрғындары  атсалысты. 

"Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК директоры Ширшикбаев Айларбек Елтайұлы келесі сөз кезегін алып шараның  маңыздылығы туралы сөз сөйлеп, салауатты өмір  салтын ұстанып жүрген азаматтар мен мекемелерге номинациялар бойынша марапаттады.

 Ширшикбаев Айларбек Елтайұлы: "Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – қарапайым тұрғындарды спортқа тарту. Саламатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алу – денсаулық негізі екенін түсіндіру. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2020 жылға дейін Қазақстан халқының дене шынықтырумен, бұқаралық спортпен айналысатындар санын 30 пайызға жеткізу міндетін қойған еді. Соңғы жылдары ауданымызда спорттық кешендері бар мектептер мен балалар аулалары  пайдалануға берілді. Сонымен қатар, мұндай мазмұнды фестиваль келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге көмектеседі. Денсаулықты сақтаудың бір жолы – профилактика екенін ескерсек, алдын ала тексеріліп, маманның ақыл-кеңесін алып тұрған пайдалы. Осы тұрғыдан алғанда, фестивальдің ұйымдастырылуы тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікті болуына септігін тигізеді. «Спорт - Өзіңді қадірлеу!» Құрметті жерлестер, денсаулығымыз мықты болcын!" 

Фестиваль соңында спорттық қол күрес, асық ату, футбол және т.т. спорттық ойын түрлері  ойнатылды. 

Тұрғындарға медициналық кеңестер берілуде.

"Саламатты медициналық мекеме" номинациясы бойынша "Атамекен" Бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы марапатталды.

Қызылтөбе мәдениет үйінің бишілері "Спорттық би"

Жастар арасындағы "Қол күрес"

Жасөспірімдер арасындағы "Асық ату" ойыны

"Кіші футбол" жолдастық кездесу.



Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения