Мұнайлы ауданында 2015 жылғы сәуірдің 20-нан бастап 25 дейінгі кезеңде Еуропалық иммундау апталығы өткізілді. Аталған акция Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропаның барлық елдерінде ұйымдастырылды. Жыл сайын өткізілетін акцияның мақсаты - иммундаудың маңыздылығын насихаттау, егулермен толық қамту туралы халықты хабардар ету деңгейін арттыру үшін үгіттеу және мақсатты үндеу жүргізу болып табылады.
Иммундау апталығы аясында инфекциялық ауруларға қарсы белгіленген мерзімде егілмеген барлық жастағы адамдарды анықтау және егу жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы Қазақстандағы Еуропалық иммундау апталығы «Ескерту, Қорғау, Егу» деген ұранмен өтуде.
2013 жылы Қазақстан аумағындағы Еуропалық иммундау апталығы іс-шараларының негізгі бағыттары: халықтың иммундық профилактикаға сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру, иммундық профилактиканың қауіпсіздігі туралы халыққа ақпарат беру; инфекциялық ауруларға қарсы қорғанудың қажеттілігі туралы және қоғам үшін иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдарлары туралы халықты, қоғамды және медицина қызметкерлерін ақпараттандыруды жақсарту; вакцинацияның жоқтығына медицина қызметкерлері мен ата-аналардың тоқмейілсуіне көңіл аудара отырып, вакцинациядан бас тартуға байланысты қатерлерге және оның зардаптарына назар аударту; өмірлеріне вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын халыққа түсіндіру.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.