2016 жылдың 3 желтоқсанында «HolidayInn» мейманханасында Маңғыстау облысының «ЖАС ДӘРІГЕРЛЕР – 2016» форумы өтті. 2016 жылы Маңғыстау облысына 60 жаңа дәрігерге көбейді, қазіргі таңда оның 31- і Ақтау қаласында, 29 дәрігері Мұнайлы, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында және Жаңаөзен қалаларында жұмыс жасайды.
Салтанатты шарада Маңғыстау облыс әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қадыр, денсаулық сақтауда үлес қосқан ардагерлер мен емхананың бас дәрігерлері қатысты.
Шара барысында Б.Нұрғазиева және медицина ардагерлері жас мамандарға ақ жол тіледі. Шара соңында жас дәрігерлер Гиппократ антын қабылдап, жас дәрігерлерге арнайы дайындалған сыйлықтарын алды.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.