МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

Екпе егу туралы мәлімет.

  Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерінің алдын алу үшін профилактикалық екпе жасау  тиімді әдіс болып табылады.  70-жылдардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен нағыз шешекке қарсы екпе жасау әлем бойынша шешектің толығымен жойылуына әкелді.                                                                               Қазіргі уақытта Европа аумағында, соның ішінде Қазақстанда полиомиелит сияқты ауыр жұқпалы ауру жойылды. Республикамызда қызылша, қызамық және туа біткен қызамық синдромын жою бойынша бағдарламалар дайындалды. 1998 жылдан бастап вирусты гепатитке қарсы, 2005 жылдан бастап қызамыққа қарсы, 2008 жылдан бастап Хиб-инфекцияға қарсы вакцинация енгізілді. Дифтерия, көкжөтел, сіреспе ауруларын күрт азайту туралы мәселе тұр. Бұл ауруларды жою немесе ең төменгі көрсеткішке дейін  жеткізу тек  тиімділігі жоғары  вакциналармен профилактикалық екпе жасау арқылы ғана мүмкін.                                                                                  Ересектер мен балаларды дифтерия  ауруына қарсы жаппай егу тұрғындар арасында жоғары деңгейде иммунитет  қалыптастырды.                                                            Аталған аурушаңдықтың болмауы ата-аналарды алаңдатпағандықтан, кейбір жағдайларда ата-аналар екпе алудан бас тартады. Алайда  полиомиелит вирустары әрдайым қоршаған ортада айналымда жүретіндіктен егілмеген адамдар кез-келген уақытта ауырып қалады     Ағымдағы жылы Ұлттық егу күнтізбесіне өзгерістер енгізіліп, әлсіздендірілген және реактогенділігі аз аралас (комбинирленген) вакциналар енгізілді. Оның артықшылығы инъекциялар саны, балалар травматизмі азаяды және постинъекциялық асқынулар даму қаупі төмендейді.                                                                                                                                                                                                                       Қазақстан  Респуликасының  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес  жұқпалы ауруларға  қарсы  вакцинация алу  міндетті болып табылад    және ақысыз жүргізіледі. Қазақстанда вакцинация әрбір адамға қолжетімді, оның ішінде басқа елден келгендер үшін де. Аталған Кодекстің 156-бабында «Қазақстан Республикасы аумағында жүрген барлық жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шегінде жұқпалы және паразитарлы ауруларға қарсы алдын ала екпелерді алуға міндетті»  деп көрсетілген. Сәйкесінше, ата-аналардың балалар иммунизациясынан бас тартуы  баланың өмірге және денсаулыққа деген құқығын бұзушылық болып табылады.

  Екпелер дәрігер қарауынан кейін, медициналық қарсы көрсеткіштерді сақтай отырып жүргізіледі.

  Құрметті ата-аналар, өз балаларыңызға уақытында екпе жасатудан бас тартпай, өздеріңіз де егіліңіздер. Сізді ақыры ауыр қайғыға соқтыратын  жұқпалы аурулардан тек профилактикалық екпелер ғана қорғай алады.

Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения