2016 жылы 9 қарашада Мұнайлы ауданының Атамекен селолық округі тұрғындары арасында, аудан әкімінің орынбасары Б.Блялов қатысуымен, медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша штаб отырысы өтті.
Отырысқа Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығының директоры Н.Мухамбетярова, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры А.Ширшикбаев, аудан әкімшілігі, село әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, №7 орта мектеп ұжымы және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасында міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды енгізу бойынша кешенді шаралар туралы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығының директоры Н.А.Мухамбетярова ақпарат берді. Аудан тұрғындары денсаулық саласы бойынша сұрақтарына толықтай жауап алды.
Қатысықан адам саны - 180
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.