Шараның мақсаты: сектораралық өзара әрекет ету арқылы заманауи өзекті мәселе-психологиялық белсенді заттектерді тұтынуға жұртшылықтың назарын аударту; жасөспірімдер мен жастарға тек қана білім беру ұйымдарында ғана емес, отбасында, қоғамда олардың өз денсаулықтарына жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық және әлеуметтік жағымды жағдай жасауға назар аударуға ықпал ету, сондай-ақ психологиялық белсенді заттектерді тұтынудан бас тартуға дағдыландыру.
13.06.-23.06 аралығында Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы «Халыққа қызмет көрсету» орталығында «Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес» күніне орай «Ертеңің өзіңе байланысты ! Дұрыс өмір сүр! Есірткіден бас тарт» ұранымен кең ауқымды шара ұйымдастырылып өткізілді. Акцияда мекеме қызметкерлерін және келген тұрғындардың қан қысымын өлшеп, бойын, салмағын, бел ауқымын, қан құрамындағы қант деңгейін анықтады. Дәрігер ақыл кеңесін бере отырып, толықтай сұрақтарына жауап беріп отырды. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары буклеттер, бетшелер, ақпараттық материалдар таратты.
Мұнайлы аудандық тұрғындар арасында ҚазТрансГазАймақ, Халық банкі, Маңғыстау жылу, «Рахат» сауда орталығы, Дәріхана ,Маңғыстау вокзалы мекемелерінде СӨСҚО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары «Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес» күніне орай бетшелер, үнпарақтар таратып халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Қамтылған адам саны-232.
Ағымдағы жылдың 22
маусым күні СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалы және Жастар ресурстық орталығының
ұйымдастыруымен Халықаралық
нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай «Никотиннен –
витаминге» акциясы өтті. Адам санасын улайтын қоғамдық дертке қарсы наразылық
акциясына Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары мен «Жасыл
ел» еңбек жасақтарының сарбаздары атсалысты. Өскелең ұрпақты зиянды қылықтардан
аулақ болудан үндеу мақсатымен қоғамдық орындарда темекі қолданған азаматтарға
жастар жеміс-жидектер ұсына отырып «Никотиннен – витаминге» ұранымен никотиннің
адам өміріне қаншалықты зиян екенін және алдағы уақытта баға жетпес
байлық-денсаулығымызды бағалау керектігі жайында түсіндірілді.Қамтылған
адам саны- 75
28.06.2016ж Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, Кызылтөбе-1 психологі Булутбаева Ф.П және емхана жасөспірімдер дәрігері Суханбердиева Гулмира Ердаулетқызы жастар арасында «Нашақорлық ғасыр дерті», тақырыбында семинар –тренинг өткізді. Семинар барысында СӨСҚО медбикесі Б.Бекежанова және СӨСҚО мұғалімі М.Сүндетова науқастарға бетшелер таратып, бейне ролик көрсетті. Қатысқан адам саны – 11.
Қызылтөбе, Қызылтөбе-1 емханаларында психолог Булутбаева Ф.П., нарколог дәрігері «Есірткінің алдын алу», тақырыбында салауатты өмір салты қағидаларын сақтау мақсатында, семинар-тренинг өткізілді. Плакаттар ілініп, 140-ге жуық бетшелер таратылды. Қатысқан адам саны- 47.
27.06.2016ж Мұнайлы орталық аудандық емханасында СӨСҚПО Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен «Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес» күніне орай «Ашық есік» күні өтті. Акцияда мекеме қызметкерлерін және келген тұрғындардың қан қысымын өлшеп, бойын, салмағын, бел ауқымын өлшеді. Дәрігер ақыл кеңесін бере отырып, толықтай сұрақтарына жауап беріп отырды. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары буклеттер, бетшелер, ақпараттық материалдар таратты. Қамтылған адам саны-123
ДА Баяндыда ВОП дәрігері Мамбетова А.Д «Есірткі тұтынудың зияны» тақырыбы бойынша «Ашық есік» күні ұйымдастырылып өткізілді. 50-ғе жуық бетшелер таратылды. Қатыскан адамдар саны-32.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.