Ағымдағы жылдың 22 маусым күні СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай «Никотиннен – витаминге» акциясы өтті. Адам санасын улайтын қоғамдық дертке қарсы наразылық акциясына Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары атсалысты.
Өскелең ұрпақты зиянды қылықтардан аулақ болудан үндеу мақсатымен қоғамдық орындарда темекі қолданған азаматтарға жастар жеміс-жидектер ұсына отырып «Никотиннен – витаминге» ұранымен никотиннің адам өміріне қаншалықты зиян екенін және алдағы уақытта баға жетпес байлық-денсаулығымызды бағалау керектігі жайында түсіндірілді.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.