Шараның мақсаты:
Аурулардың алдын алу шаралары, жіті ішек инфекциясының таралу жолдары, алғашкы бергілері және өзін-өзі қорғау мінез-құлықтық дағдыларды үйрету, сонымен қатар жеке тазалықты сақтау туралы халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру.
Емдеу сауықтыру орталықтары БМСККО Қызылтөбе, Мұнайлы орталық аудандық емхана, ДА Қызылтөбе-1, ДА Қызылтөбе-2,Батыр, ДА Атамекен-1, БМСККО Атамекен, БМСККО Басқұдық, БМСККО Маңғыстау-5, Баянды, БМСККО Дәулетте 23.06 -25.06 маусым аралығында эпидемиолог дәрігері Ж.Басбаева және СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандарымен бірге медицина қызметкерлеріне жедел ішек ауруының және тамақтан уланудың алдын алу тақырыбында семинар сабақтарын жүргізіп, бейнеролик көрсетілді. Қатыскан адам саны-152
СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандарының ұйымдастыруымен, Мұнайлы аудандық орталық емханадағы, барлық БМСККО, ДА орталықтарындағы «Дені сау бала» кабинеттерінде,«Отбасын жоспарлау мектебінде» аналар мен балалар арасында «Жедел ішек ауруларының алдын алу» тақырыптарында семинарлар өткізілді.
09.06.2016ж. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандарының ұйымдастыруымен, Мұнайлы аудандық орталық емханада балалар бөлімшесінде «Дені сау бала» кабинетінің медбикесі Б.Хайтжанова «Жедел ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында аналар мен балаларға семинар-тренинг жүргізді. Семинар барысында СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының медбикесі Ж.Джұбатханова қатысушыларға үнпарақтар, бетшелер таратып, бейне роликтер көрсетті. Қамтылған адам саны- 22.
11.06.2016 ж. Мұнайлы орталық аудандық емханасында «Ашық есік» күні өткізілді. Эпидемиолог дәрігері Ж. Басбаева «Жедел ішек инфекциясы алдын алу және таралуын болдырмау» тақырыбында қаралушы тұрғындарға дәріс оқып, СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары бетшелер, үнпарақтар таратып, бейне ролик корсетілді.
Қатыскан адамдар саны-35
ДА Батыр терапевт дәрігері Г. Бекниязова «Жедел ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында «Ашық есік» өткізді. Науқастар өздерінің қосымша сұрақтарын қойып, толық мәлімет алды. Бетшелер таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Қатыскан адамдар саны-25
ДА Қызыл төбе-1 ВОП дәрігері Ж.Жаксиликова «Жедел ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында «Ашық есік» өткізді. Науқастар өздерінің қосымша сұрақтарын қойып, толық мәлімет алды. Қатыскан адамдар саны-39
15.06.2016ж. Қызыл төбе терапевт дәрігері Сарсенбаева Светлана Сарсенбаевна «Жедел ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында «Ашық есік» өткізді. Науқастар өздерінің қосымша сұрақтарын қойып, толық мәлімет алды. Қатыскан адамдар саны-44
Мұнайлы ауданында халық көп жиналатын орындарда «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Казпочта және тағы басқа жерлерге СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары «Жедел ішек ауруларының алдын алу» жөнінде тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, үнпарақтар, бетшелер таратылып, плакаттар ілінді. Қамтылған адам -60
Мұнайлы орталық аудандық емханасының Жастар орталығы кабинетінде Мұнайлы ауданы ТҚҚБ эпидемиологиялық бөлім басшысы С. Орамалованың қатысумен, Мұнайлы орталық аудандық аурухана директоры А. Ширшикбаев және БМСККО,ДА аға дәрігерлері және меңгерушілері, дәрігерлер арасында "Жұқпалы ішек ауруларының және тамақтан уланудың алдын алу және күресу шараларын ұйымдастыру " тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысқан адам саны - 11.
БАҚ-та (жергілікті басылымдарда, аурухана сайтында) мақалалар жарияланды.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.