Мұнайлы ауданында жыл басынан бері денсаулық саласына қатысты біршама жұмыстар атқарылып жатыр, алайда үстіміздегі жылдың І тоқсаны бойынша туберкулезбен аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда азаюда.
Аудан бойынша анықталған әрбір жағдайға талдау жүргізіліп, себебі анықталады. Талдау нәтижесі көрсеткендей
2015 жылдың алғашқы 4 айында туберкулез ауруы 25.7 пайызды құрады, оның ішінде 6 адам мигрант немесе азаматтығы жоқ. Ағымдағы жылдың І тоқсанында туберкулез аурушаңдығы 23,3 пайызды құрады, оның ішінде 8 адам шет елден келген мигрантар немесе азаматтығы жоқ болып отыр.
Былтырғы жылға салыстырғанда туберкулез ауруы 2,5 пайызға азайды. Бұл демек жалпы тәжірибелі дәрігерлердің еңбегінің арқасында.
Атқарылып жатқан шараларға қарамастан азаматтығы жоқ азаматтар туберкулез ауруының кең жайылуына септіктерін тигізіп отыр. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар пәтер алмастырған сайын, орындарына туберкулез ауруының таяқшасын қалдырып, аурудың жаңа ошағының пайда болуына әкеледі.
Пәтерді жиі алмастыру немесе өздері туралы ақпаратты жасыру тек туберкулез ауруының таралуына ғана емес, медицина қызметкерлерінің жүкті әйелдер мен бала денсаулығын бақылауда ұстауына кері әсерін тигізуде. Қоғамның басты байлығы – адам, ал адамның денсаулығын сақтау мен оны нығайту үлкен жұмыс.
Ауданымызда пәтер жалдап тұрушыларға қол жетімді медициналық көмек көрсету мақсатында «аула аралау» жұмысы жолға қойылған. Осының нәтижесінде ағымдағы жылдың сәуір айында 107 жүкті әйел (22жүкті әйелдің азаматтығы жоқ) мен 37 бір жасқа дейінгі сәби (10 сәбидің азаматтығы жоқ) табылды. Олардың көпшілігі азаматтығы жоқ тұрғындар. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінде «Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттілікте болады»,-деп көрсетілген.
Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы, ана мен сәби өлімінің алдын алу мақсатында және әлеуметтік маңызы аса жоғары туберкулез ауруының таралуына тосқауыл жасау үшін пәтер жалдап тұрушылар туралы ақпаратты (өзіңіз пәтерді жалға берсеңіз, пәтер жадап тұрсаңыз немесе көршіңіз, танысыңыз жалдаса) аймақтық медициналық мекемелерге беруде көмектесуді сұрайды. Аудандық емхана - 30-40-62, Басқұдық 20-35-07, Атамекен – 33-07-73, Атамекен-1, 20-32-99, Қызылтөбе 46-43-56, Қызылтөбе-1 20-33-03, Қызылтөбе-2 20-33-05, Батыр 20-48-82, Баянды 20-27-30, Даулет 34-99-51, Маңғыстау-5 20-27-13 немесе +77473084375 «Сенім телефонына» хабарласыңыз.
Пәтерді жалдап тұрушылар көп жағдайда денсаулықтарына қатысты құқықтары мен міндеттерін білмей жатады, осыған орай Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының Пациентті қолдау қызметі өз көмегін ұсынады.
Әр адам денсаулығы – қоғамның саулығы екенін естен шығармайық.
Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының Пациентті қолдау қызметі.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.