07.06.2016ж. Мұнайлы ауданы №5 орта жалпы білім беру мектебіндегі «Күншуақ» балабақшасында «Денің сауда-күштісің сен бұл әлемде!» тақырыбында эстафета жарысы өткізілді. Жарыс 5 топтан тұрады. 1 топ: «Қыран» тобы,2 топ: «Жас ұлан» тобы,3 топ: «Ақкөгершін» тобы,4 топ: «Достық» тобы,5 топ: «Күншуақ» тобы. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. 1- ші сайыс «Кім шапшаң?»,2- ші сайыс «Кім тез», 3- ші сайыс «Ептілік»,4-ші сайыс «Секіру»,5-ші сайыс «Кім күшті» және арқан тартысу сайысы өтті. Жарыс өте қызықты,тартымды болып өтті. Отбасылық жарыс, отбасы командаларына және қатысқан балаларға өте қатты ұнады. Шара соңында әділқазылар Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар орталығының Мұнайлы аудандық филиалының мамандары және Облыс орталығының психолог маманы Д.Сарсенова, медик М.Аязбаев командаларды Алғыс хаттармен, кубоктармен марапаттап және сыйлықтар табыс етті.
11.06.2016ж. Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосында №5 жалпы білім беру орта мектебінде БМСККО,ДА,МАОЕ, СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының қызметкерлері және Аудандық жастар орталығы мамандарымен бірлесе отырып, флешмоб ұйымдастырып өткізді. Ары қарай Мұнайлы аудандық орталық емханасының жасөспірімдер дәрігері Г. Суханбердиева медицина қызметкерлеріне жаттығу жасатты. Қамтылған адам саны – 70.
11.06.2016ж.Мұнайлы ауданы әкімшілігінде «Біз – салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылып өткізілді. Акцияда әкімшіліктің қызметкерлерін және келген тұрғындардың қан қысымын өлшеп, бойын, салмағын, бел ауқымын, қан құрамындағы қант деңгейін анықтады. Дәрігер ақыл кеңесін бере отырып, толықтай сұрақтарына жауап беріп отырды. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары буклеттер, бетшелер, ақпараттық материалдар таратты. Қамтылған адам саны – 130.
11.06.2016ж. Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы «Халыққа қызмет көрсету» орталығында «Біз – салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акцияда мекеме қызметкерлерін және келген тұрғындардың қан қысымын өлшеп, бойын, салмағын, бел ауқымын, қан құрамындағы қант деңгейін анықтады. Дәрігер ақыл кеңесін бере отырып, толықтай сұрақтарына жауап беріп отырды. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары буклеттер, бетшелер, ақпараттық материалдар таратты. Қамтылған адам саны – 145.
Аталған шаралар аудандық басылымдарға ақпараттық агенттіктерге мақала беріліп және Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының сайттарында жарияланды.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.