МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

Жүректің созылмалы жетіспеушілігі.

Мұнайлы аудандық орталық емханада, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен,  ТОО «Такеда» медициналық ұсынушы Каленова Гүлжанаттың қатысуымен,  кардиолог дәрігері  Сүлейменова Айнур Лепесовна «Жүректің созылмалы жетіспеушілігі» тақырыбында «Д» есебінде тұрған, күту залында тұрған науқастарға  дәріс өткізіп, ақыл кеңесін берді. Семинар барысында СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары  науқастарға бетшелер таратып, бейне ролик көрсетті. ТОО «Такеда» медициналық ұсынушы Г. Каленова ақпараттық ағарту материалдарымен және жүрек ауруының алдын алу роликтерімен қамтамасыз етті. Қатысқан адам саны – 11

Жүрек жетіспеушілігі – бұл жүрек өзінің «насосты» функциясын игере алмауынан туындайтын ауру. Бұл кезде дене мүшелері мен тіндерінің қалыпты жұмыс атқарушы үшін қажетті оттегі мен қоректі заттар қан арқылы толық жеткізілмейді. Осыдан науқастар бұлшық еттерінде әлсіздікті сезінеді. Сонымен қатар, зат алмасу заттарының толық «утилизациялану» мүмкіндігі жойылып, өкпеде, іште және аяқтарды сұйықтықтар жиналады.

Жүрек жетіспеушілігі көбіне жүрек бұлшық етін зақымдайтын немесе оған қосымша күш түсіретін аурулардың асқынуы ретінде дамиды. Әңгіме жүректің ишемиялық аурулары, артериялды гипертензия, жүректің қабыну аурулары (миокардиттер) жайлы болып тұр. Жүрек жетіспеушілігінің бастапқы кезеңдерінде ешқандай белгілері болмауы мүмкін, бірақ ем дұрыс қабылдамаған науқастарда, жүректің қай ауруы болмасын өршу белгілері пайда болды.

Жүрек жетіспеушілігі барлық жаста дамуы мүмкін, әсіресе қарт адамдарда көбірек кездеседі. 65 жасқа дейін адамдардың шамамен 1% жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанады, әрі қарай оның таралуы ұлғая түседі. Жүрек жетіспеушілігі – 65 жастан асқан науқастарға ауруханаға жатқызудың ең жиі себебі болып табылады.

«Жетіспеушілік» деген атау, жуырда жүрек жұмысын тоқтатады деген мағынаны білдірмейді, ол тек ағзаның қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды деген сөз (әсіресе кеш түскен кезде) 


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения