МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

Ресурстық орталықтың жұмысы жандануда

Мұнайлы орталық аудандық емханада «Балалар бөлімшесінде» «Ата-анаға арналған ерте жастағы балаларды дамыту және тамақтандыру ресурстық орталығы» 20.10.2015 күні ашылып, өз жұмысын жандандыруда.

Ресурстық орталықтың медбикесі : Алдоңғарова Гүлсінай Абдуллаевна

Бүгінгі 16.02.2016 күнге дейін 812 ата ана қамтыды.

Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты – Мұнда 6 айдан 5 жас аралығындағы балаларға қалай тамақтандыру керек екендігін айтып түсіндіре отырып, ботканы калай дайындайтынын көрсетеді. Ботқаны қалай дайындау керек екендігін, яғни күнде келген ата аналарға көкіністердің свежий күйінде дайындалып, дайындалғын ботқаны, аналар балаларына жегізе отырып және үйде де осылай дайындап беру керек екендігін айтып түсіндіреді. Сонымен қатар ботканы дайындап қана қоймай, ата аналарға балалардың қандай мөлшерде тамақ беру керек екендігін, қандай тамақ беруге болатыны туралы ақпарат беріп отырады.

Сонымен қатар, Бір рет тамақтандырғандағы қосымша тамақ үшін тағамның мөлшері : Емшек емген жағдайда

  6-7 айлық – 150 мл.

  8-10 айлық – 180мл (стаканды толтырмай)

  11-12 айлық – 225мл

  12 айлық- 2 жас – 300мл(1,5 стакан)

  2 жаста және одан асқан – 350мл(толық 2 стакан дерлік )

  Емшек ембеген жағдайда

  6-12 айлық – 225мл

  12-24 айлық – 250-300мл

Тамақтың нәрлілігі  оның қоюлығына да, сондай ақ тамақтың құрамына да байланысты болады. Қажетті энергетикалық құндылыққа қол жеткізу үшін тамақ қою болуға тиіс (батырылған қасық баяу батуы керек). Сорпа мен сұйық тамақтарды бермеген дұрыс. Қосымша тамаққа арналған қою тағамға 1 қасық сары май немесе үй қаймағын қосыңыз. Өзінің құрамы бойынша баланың тамағына арналған азық әр алуан болуға тиіс. Балаңызға ет пен балық беріңіз. Түрлі жармалар . Көкөністер мен жемістер,жұмыртқа жане бұршақ тұқымдастар. Жақсылап тазартылған жане паста түріндегі үккіштен өткізілген жаңғақтар, сүт өнімдері (сүзбе,қаймақ, ірімшіктің қатты түрлері).

  Қосымша тамақ үшін ұсынылған азық түлік.

  Ет, балық, бауыр/ ішкі құрылыс тағамдары

  Көкөністер,жемістер ( қою жасыл жане қызғылт / сары-жасыл)

  Бұршақ тұқымдастар

Әр тамақтандырған сайын тамақтың алуан түрлі болуын қамтамасыз етіңіз. Тамақты біртіндеп, кезең-кезеңмен беру керек, мұның үстіне емізуді жалғастыра беріңіз, бала қанша рет сұраса, сонша рет беру керек. Бала жаңа тамаққа тезірек үйреніп кететін болғандықтан, тамақты емшек емерге дейін бере бастаңыз. Баланың тамағының мөлшері мен энергетикалық құндылығы әрбір кезеңде баланың жас ерекшелігін талап ететін қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Бала тамақты қасықпен жеуді, еріндерін пайдалануды, тамақты ауыз қуысына салып, оны жұтуды үйренеді.

    Алдымен жарма тағамдарын ( күріш, қара құмық)немесе көкөніс езбесін ( пісірілген картоп, сәбіз, шалқан, қырыққабат, езбе ), жемістерді ( банан, алма, алмұрт, шабдалыдан жасалған езбе), одан кейін ет ( майсыз ет түрлерінен жентектелмеген, езбе түрінде), бұршақ тұқымдастардан ( қабығы алынып, әбден пісірілген) езбені қосыңыз.

  Езбе, ботқа, жемістер мен көкөніс балаға бірден ұнай қоды деп ойламаңыз. Баланың жаңа дәмге үйренуіне уақыт беру қажет. Балаға бірнеше рет берілетін тамақтың әрқашан жылы, өте жұмсақ, әбден езілген, ешбір түйірсіз, езбе деңгейіне жеткізілген және қою емес болу қажеттігін ұмытпаңыз.

  Қосымша тамақты кашан беру керек?

  Бала  Ана

Неғұрлым белсенді  Балаға көбірек көңіл бөле алатын

Қаррны аш (баланы шамамен бір уақытта

Тамақтандыруға тырысыңызжане емшек

Ембей тұрып) болатын күннің неғұрлым

Ыңғайлы уақытын таңдаңыз.

Күнделікті тамақтану режимін белгілеңіз

  Қосымша тамақ дайындау

Бұршақ тұқымдастар (бұршақ, үрме бұршақ, жасымық, маш) – алдын ала суға салып, қабығын алу үшін електе үгу, жақсылап пісіру қажет

Жармалар ( күріш, қарақұмық... ) – пісіру, електе үгу, сүт қосып, дайын болғанша пісіру қажет

Жаңғақтар – мұқият тазарту қажет және тек паста түрінде

  Қалай дайындау керек?

Ет – арық, майсыз ет, терісі алынған құс еті

Жұмыртқа – қабығымен пісірілген жане үккіштен өткізілген жұмыртқа, ақуызын да, сары уызын да беріңіз

Көкөністер мен жемістер – жергілікті жерде өскен, езілген, үйде дайындалған шырындар мен жеміс көкөніс езбесі

Жаңа тамақты қосу үдерісін созбаңыз, 7 айға қарай сәби тамақтың барлық түрін дерлік (ет, көкөніс, бұршақ тұқымдастар, жармалар, жемістер) жеуге тиіс және күніне 3 рет тамақ жеуі керек. Егер бала жаңа тамақты жеуден бас тартса, мәжбүрлеп, қыстамаңыз, ол тамақты келесі жолы беріңіз. Өзіңіз тамақтың дәмін татып, оның дәмді екенін балаға көрсетіңіз.



Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения