-70 дейінгі аязды місе тұтпай, жылымық күндері өрши түсетін тұмау инфекцияларының таралуын қайтсек ауыздықтап, жылдам жұғатын індеттен халықты қалай сақтандыра аламыз?
Жуырда аудан әкімдігінде облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысы Марал Қадырдың қатысуы, аудандық медицина және білім саласы өкілдерінің басқосуымен өткен семинарда осы мәселе қаралды.
Аурудың алдын алу маусымы 1 қазаннан мамырға дейінгі аралықты қамтиды. Сол кезеңде біресе көтеріліп, төмен түсіп, тербелісте болады. Бір жылдары бұл желтоқсан айларына, кей кездері көктем мезгіліне тұспа тұс келсе, биылғы шарықтайтын шегі қаңтар айының екінші жартысынан басталыпты. Демек, әлде де ауру деңгейінің көтерілуі мүмкін. Бұл туралы баяндаған облыстық ТҚҚ Департаменті басшысы М.Қадыр: «Қазір бізде гриптің қай түрі бар, эпидемиологиялық жағдай қалай, оны біліп отырмыз. Енді алдын алу және індетке қарсы шараларды белсенді түрде жүргізуіміз керек. Үкіметте, Денсаулық сақтау, Білім министірліктерімен өткен селекторлық жиналыстарда аталған мәселе қаралып, тиісті тапсырмалар берілген болатын. Сондықтан мобильді топтар құрылды. Біреуі осы шаралардың сапасын анықтау мақсатында барлық нысандарды тексеру жүргізсе, екіншісі санитарлық ағарту жұмыстарымен айналысады» - деп ауруды болдырмау, бола қалған жағдайда оның өзгелерге жұқтырмау жолдарын қарастыру туралы тиісті талаптарды оқып таныстырды. Аталған, аурудың алдын алу шарттарына сәйкес медициналық персонал үшін бетперде тағу тәртібін енгізу, білім беру ұйымдарында тиісті санитарлық ережелер мен тәртіптің сақталуы, «Жедел жәрдем» шақыртуларынан түскен ақпараттың уақытылы жеткізілуі, тағы сол сияқты алғышарттар сөз болды. Сондай-ақ мектепшілік көпшілік шараларды шектеу, емдеу сауықтыру мекемелерінде тұмау ауруына мониторинг жүргізетін жауапты маман тағайындау, әсіресе жүкті, босанған әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар арасында бақылау жұмыстарын қатаң қадағалау және оларға патронаж тағайындау керектігі айтылды.
Елді мекендерде ауыл аралық аралауды жолға қою, тұмау және олардың асқынулары, пневмониялары бар науқастарды емдеу үшін препараттардың, сондай-ақ дезинфикциялық препараттардың тізбесіндегі құралдар қорын жасау, дәріханалардың бетперделердің халыққа жеткілікті болуын қадағалау жайында да ерекше аталды.
Департамент дерегінің басшысына сүйенсек, аймақтағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай былтырғы жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендеген. Дегенмен, Мұнайлыдағы жедел респираторлық жұқпалы аурулардың тіркеуі былтырғы жылдың көрсеткіштен 1,5 есеге дейін артқан.
Дөңгелек үстел басында осы мәселелерге баса көңіл бөлініп, эпимаусымнан вирусты жұқтырмай өту жолдары жан-жақты қамтылды.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.