Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында, 2016 жылдың 28-29 қаңтар аралығында №5 жалпы білім беру орта мектебінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай, ОСӨСҚПО және «Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» 1999 -2000 жылы туылган ұлдар арасында волейболдан аудандық ашық турнирді ұйымдастырды.
Аталган турнирге, Мұнайлы аудандық лицей және мектептерден 13 команда, 130-ге жуық спортшы ұлдар қатысты. Ал, жанкүйерлікке спортшылардың достары, лицей және мектептердің оқушылары келіп, ортаны толтырды.
Шараның салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталды. Шараның ашылу салтанатында «Мұнайлы орталық аудандық аурухана» директоры А. Ширшикбаев және «Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысы Е. Құли қатысушыларга сәттілік тіледі. Ереженің сақталуын қазылар алқасы қадағалап отырды. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды №11 орта мектеп, екінші орынды №4 орта мектеп қол жеткізсе, үшінші орын №10 орта мектеп иеленді.
Шара соңында Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы «СӨСҚПОО» директоры Н. Мухамбетярова жеңімпаздарға кубок, медаль, дипломдармен табыс етті.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.