насихаттау жұмысы өткізілді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Туберкулез диспансерінің меңгерушісі Ш. А Сапарбаева, СӨСҚО – филиалының мамандары ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді, және БМСККО орталықтарының меңгерушілері, аурухана, емхана дәрігерлері, балалар дәрігерлері, СӨСҚО филиалы, ЖДО қызметкерлері қатысуымен 23.02.2015ж. жұмыс тобы құрылып 2015 жылдың аурулардың алдын алу және Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысындағы іс –шараларды өткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынды. Мұнайлы аудандық орталық емханада және БМСККО, ДА Атамекен, Маңғыстау -5, Қызылтөбе, Қызылтөбе -1, Қызылтөбе -2, Баянды –да барлық емдеу –сауықтыру мекемелерінде, мектептерде «Ашық есік» күндері, семинар-тренинг, дәрістер айлық аясында осындай кең шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Емдеу сауықтыру мекемелерінде «Ашық есік» күні аталып «Ашық есікке» қатысқан адамдарға туберкулез ауруынан қалай сақтану керек екендігін түсіндіріп, үгіт насихаттау жұмыстары жүргізілді. Жәнеде үстел жайылып шұбат, қымыз құрт, бауырсақ қойылды. Адамдар дәм татты. Туберкулез ауруына шалдыққан адамдар ұлттық тағамдар ішу керек екенін айтып өтті. Адам денсаулығына шұбат өте пайдалы. Акция аясында емдеу –сауықтыру мекемелеріне келген науқастарға бетшелер таратып, ақыл – кеңестерін беріп, үгіт –насихаттау жұмыстары жүргізілді.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.